Қайырбек Сүлейменов: «Квазимемлекеттік сектордағы сатып алу жұмыстары қадағаланбайды»
«Атамекен» ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте бір ғана мәселе – квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар қаралды
«Біз квазимемлекеттік сектордағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингісін жүргіздік. Сіздерге ұсынылған анықтамадағы зерттеу толық әрі терең емес, беткі қабатындағысы ғана айтылған. Алайда мұның өзі істің нашар жағдайы туралы қорытынды жасауға объективті себеп болады», – деп мәлімдеді жиынды ашқан «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.
Оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы бастапқы тарихи кезеңде құрылған квазимемлекеттік сектор салалары айқын карт-бланш алды, бұл олардың қызметіндегі мемлекеттік бақылаудың жоқтығынан көрінді. Бірінші кезекте заңға сәйкестігі емес, мақсаттылығы тұрды.
Қайырбек Сүлейменовтің пікірінше, саяси тұрғыдан қарастырғанда бұл өзін-өзі ақтады, өйткені экономиканың осы бір күрделі саласына нарықтық қатынастар механизмін жіберу қажет болды. «Алайда «бал айы» созылып кетті. Жылдар өтіп жатты, әрі келіссөздерді ашық жүргізу талаптарын жауапсыз қалдыру, сатып алудағы заңдылықты бақылау жүйесінің өзін-өзі реттеуі, олардың жабықтығы,өкінішке қарай, квазимемлекеттік сектордың негізгі сипаты болды. Көлеңкелі қызмет ету жыл өткен сайын дәстүрге айналды», – деді Кеңес басшысы.
Қазір басқа кезең келді деп санайды Сүлейменов. Оның айтуынша, ҚР Президенті бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия тұжырымдылық жағынан экономиканың квазимемлекеттік секторын да тәртіпке келтірудің маңыздылығын айқындап берді. «Тапсырма берілді! Алайда квазисектор өздерінің жұмыс істеу әдістемесіне өзгерістер енгізуге асығатын емес. Егер ұжымдық құқықтық эгоизмнің қалыптасқан тәжірибесі оларға қажетті нәтижелер беріп отырса, мұны жасаудың қажеті қанша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалаудың босаң жүргізіліп жатқан процесін бастап, мемлекет пен қоғамға зиян келтіре отрып, ескіше жұмыс істеуді жалғастыра беруге болады. Еш нәрсе істелмей жатқандығы туралы барлығымыз да білеміз», – атап өтті Қ.Сүлейменов.
Кеңес төрағасы квазимемлекеттік сектордағы ұйымдар мен кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жүйесінде осы саладағы сыбайлас жемқорлық процесстерінің жандануына ықпал ететін құқықтық регламенттеу мен бақылауды қамтамасез етуді ұйымдастыруда жүйелік түйіткілдердің бар екенін атап өтті.
«Бұл заңнамалық жағынан бірыңғай сызылған «ойын ережесінің» болмауы, бұл жағдай бізге негізсіз шешімдерді уақытылы шығаруға және сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың орын алуына негіз болатын жағдайларды жоюға мүмкіндік бермейді. Бұл экономиканың квазимемлекеттік секторындағы сатып алуды өткізуді шынайы бақылаудың жоқтығы. Бүгінде негізгі және еншілес компаниялардың өзара әрекеті шарт жасасу және орындау барысында азаматтық заңнама негізіндегі заңдылықты мүлде қамтамасыз етпейтін ұжымдық құжаттарды ғана негізге алады. Егер мемлекеттік сатып алуда Ереже талаптарын бұзу шартты бұзуға негіз болса, ал квазимемлекеттік секторда бұл негіздемелер заң бойынша болмашы ғана. Заңсыз жасалған келіссөздерді тану үшін іргелі құқықтық негіз керек», – Қайырбек Сүлейменов.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының стратегиялық міндеттерінің бірі экономикадағы сыбайлас жемқорлықтың таралуына жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жою екенін атап өте келе, Кеңес басшысы отандық бизнес-қауымдастықтың мүдделерін қорғауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі нақты шаралар мен ұсыныстар дайындау да жататынын айтты.
«Егер квазимемлекеттік сектор басшылығы мұны мемлекеттік тәсіл тұрғысынан, егер қаласаңыздар, отансүйгіштік тұрғысынан қабылдамаса, бұл ұсыныстар ауада қалықтап қалады», – деп ойын қорытты Қайырбек Сүлейменов.
ҰКП сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес басшысының келтірген мәліметтеріне сәйкес, 2015 жыл мен 2016 жылдың 1 тоқсанында сатып алу саласындағы квазимемлекеттік сектордың субъектілері жіберген заң бұзушылықтар бойынша 119 сотқа дейінгі тергеу басталып кеткен. Қылмыстық құқық бұзушылықтағы басым үлес сенім артылған мүлікті иемдену немесе жұмсап қою (44%) және алаяқтық (25,1%).
Қайырбек Сүлейменов заңбұзушылықтар ретінде кәсіпкерлердің тендерлік өтінімдерін негізсіз қабылдамау, ережеде көрсетілмеген қосымша талаптар қою, сатып алу тәсілін бұзу, әлеуетті жеткізушілердің демпингтік бағасын дұрыс анықтамау және өтінімнің шартты бағасын арзандататын өлшемдерді қабылдаудағы дұрыс емес есептеулер сияқты жайттарды қоса атап өтті.
«Кеңестің сарапшы тобы жүргізген талдау квазимемлекеттік сектордағы қазіргі сатып алу әрекетінің оларды ұйымдастыру жүйесіндегі бірыңғайлықтың жоқтығын көрсетіп берді, бұл оны теріс пиғылда пайдалануға қолайлы жағдай туғызады», – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.
Квазимемлекеттік сектордағы сатып ауда сыбайлас жемқорлық деректерінің кездесетінін әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы да растап отыр.
«Зерттеу нәтижелері бойынша, республикадағы сауалнағама жауап берген кәсіпкерлердің 30%-ы келіссөздер мен мердігерлік алуда ресми емес төлемдерді пайдаланғандарын растады, кәсіпкерлердің 40%-ы қандай да бір компанияның сатып алуына қатысқан жағдайда сол компанияның қызметкерлерімен байланыс орнату қажеттігі туралы мәлімдеген», – деді Қ.Сүлейменов.
Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмысының нәтижесі бойынша квазимемлекеттік сектордағы сатып алу тәртібін реттейтін және сатып алуды өткізудің бірыңғай қағидаларын қарастыратын «Сатып алу туралы» жеке заң әзірлеу туралы ұсыныс берілді. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының базасында Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсету нарығын мониторингілеу мен талдаудың бірыңғай операторын құру ұсынылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: