astana-view

Кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау

2016 жылғы 13 Маусым
- Қызылорда облысы
7564 просмотров

2,5 жыл ішінде Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 14 628 қызмет көрсеткен

Бұл жайында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов брифингте айтып өтті.

«Кәсіпкерлер палатасы 2,5 жыл ішінде қандай жұмыс атқарды? Кәсіпкерлерге қандай қолдау, көмек көрсете алды? Бүгін біз сіздердің алдарыңызда құрылған кезден бері атқарылған жұмыс туралы есеп бергіміз келеді және болашақ жоспарларымызбен бөлісеміз», – деді Палата басшысы. Ол «Атамекеннің» кәсіпкерлер үшін жасаған нәтижелі қадамы – барлық аудандарда Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының құрылуы екендігін жеткізді.

Қазірде аталмыш орталықтар Қазақстан бойынша барлық елді мекендерде қызмет көрсетеді. Орталық кеңесшілері кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарға бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы тегін ақпарат береді, ақысыз құқықтық қызмет көрсетеді, бизнес-жоспар жазудан бастап қаржыға қол жеткізгенге дейін жобаларды  сүйемелдейді. Мұнан өзге аталмыш Орталықтарда кәсіпкерлер бизнес мәселесіне қатысты оқыту курстарынан өтеді. Ерекше атап өтетін жайт, Орталықтарда көрсетілетін қызметтердің барлығы ақысыз негізде, тегін жасалады.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы осы күнге дейін 14 628 кәсіпкерге 27 564 қызмет көрсетілген, кеңестер берілген.

Палата жұмысындағы басым бағыттардың бірі – кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету аясында «Бизнес-мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш компонент аясында «Бизнес кеңесші», «Бизнес-Өсу», «Жобалық оқыту» бағдарламалары тәрізді 3 бағыт жұмыс істейді. 2015 жылы барлығы 1705 азамат оқудан өтсе, 2016 жылдың  5 айында 605 адам оқып шықты.

Қаржылай емес қолдау аясындағы қызмет көрсету қорытындылары бойынша жалпы құны 819 млн теңгені құрайтын 150 жоба сүйемелденіп, іске асырылғанын атап айтқан жөн. Биылғы жылдың өзінде кәсіпкерлер жалпы сомасы 102,6 млн теңге болатын 14 жобасы арқылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қаржыға қол жеткізіп үлгерді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер