astana-view

ҚР Премьер-Министрі съезд тақырыптарын белгілеп берді

2016 жылғы 14 Маусым
9616 просмотров

Қазақстан Үкіметі «Атамекен» ҰКП экономикалық және қаржылық мәселелер блогынан нақты ұсыныстар күтіп отыр

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жақында өтетін съезінде төрт түрлі мәселені талқыға салуды ұсынды.

«Қазіргі таңда біз экономикалық саясатымызды түзетуге байланысты мәселелерді талқылаудамыз, яғни соған сәйкес министрліктер, ведомстволар, Ұлттық банк бар», – деп атап өтті К. Мәсімов сейсенбі күні өткен Үкіметтің селекторлық жиынында.

«Ұлттық қор мемлекеттік органдардың құзырына жақынырақ іс болғанымен, алайда, егер сіздерде («Атамекен» ҰКП – ред.) қандай да бір ой болса, ортаға салсын. Сіздерде БЖЗҚ қаржысын пайдалану туралы ой бар ма, кәсіпкерлер тарапы, банктер тарапы оны қалай көреді, өйткені біз қазір соны талқылап отырмыз және шешім қабылдаудың алдында тұрмыз. Алайда, оны қабылдамастан бұрын, нарықтың қатысушылары өз пікірлерін білдіргенін қалар едім, бұл екіншіден», – деп сөзін жалғады Премьер-Министр.

«Үшінші мәселелер түйіткілді активтер қорына байланысты болып тұр. Мұны да қазір талқылаймыз, алайда ол қаржылық салаға жақын, шоғырланған тілектерін тура съезде білдіре алатын адам болуы қажет. Сол съезде Медициналық сақтандыру қоры жөнінде де шоғырланған пікірдің ортаға салынғанын қалар едім», – деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр «осы төрт тілек бойынша тілектер мен көзқарастар айтылатындығына» үміт артты.

«Кейін осыдан соң Үкіметтегі талқылауда белгілі бір шамада сіздердің тілектеріңізді ескереміз және сіздермен бірлесе отырып шешім қабылдаймыз», – деді Кәрім Мәсімов.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов съезде бұл мәселелердің «айтылатындығын», білікті спикерлер өз дәлелдерін айқындауға дайын екенін жеткізді.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер