astana-view

Сатып алу сәтін «сырт» еткізіңіз...

2016 жылғы 17 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
12039 просмотров

Тауарды сатып алу дерегін дәлелдеу үшін тұтынушының өнімді сатып алу сәтін фотоға немесе бейнежазбаға түсіріп алу құқығы бар

Енді заң тұтынушыға осы тәсілмен өз құқықтарын қорғауына рұқсат береді, сол себепті дүкендер мен сауда нүктелеріндегі «Суретке түсіруге болмайды» деген жазбалардың күші жоқ.

Осы және басқа да заңнамадағы түзетулер жайында СҚ Кәсіпкерлер палатасында облыстың кәсіпкерлер құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы Ләзім Мияшева айтып берді.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 18 бабына сәйкес, сатып алушы тауарды иелену дерегін растайтын құжатты алу құқығына ие. Бірақ мұндай құжаттардың болмауы оған куәгерлік түсініктерге және дәлелдемелердің басқа түрлеріне сілтеме жасауына кедергі келтірмейді, оның ішінде тауарды сатып алу сәтін фото-, және бейнежазбаға түсіріп алу да бар. Бұл ретте сатушының бейне- және фототүсірілімге кедергі келтіруге қақысы жоқ. Бұл заңды бұзуға жатады. Тек ішкі істер органдарының күзетіндегі режимдік нысандарды ғана түсіруге тыйым салынады. Кез келген дүкен жекеменшік күзетте болады, демек, тауарды сатып алуды фото- немесе бейнетіркеуге кедергі жасағаны үшін сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – деп мәлімдеді ол.

Шенеунік, сондай-ақ, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 190 бабына сәйкес, сатып алушыларды алдау құқыққа қайшы әрекет деп   есептелетінін түсіндірді, оның өз жазасы бар. Айталық, дүкендердегі  сөрелерде немесе өнімнің құлақшасында бір баға көрсетіледі, ал кассада басқа баға қойылғаны анықталады. Не болмаса дүкенде акция жүргізіліп жатқаны хабарландырылады, ал төлеу кезінде оның аяқталып қойғаны мәлім болады. Бұл – тұтынушыларды алдау. Клиент мұндай жағдайда ішкі істер органдарына шағым жасап, шара қолдануды өтінуге құқылы. «Баға  жылдам ауысады, өйткені жеткізуші кеше тауарды бізге бір бағамен берсе, ал бүгін басқа бағамен жеткізді, сол себепті біз баға жазылған құлақшалар мен қағаздарды ауыстырып үлгермедік» деген ақталу сөздері назарға алынбайды. Бұл тауарды сатушының проблемасы. Оның өнімнің құны дұрыс көрсетілгенін қадағалауға міндетті қызметкерлері мен әкімшілері, штаты болуы тиіс. Миязованың айтуынша, «сонымен бірге сатушы ауыстыруға немесе қайтаруға жатпайтын азық-түлік емес тауардың тиісті сапасы туралы дер кезінде хабарлап отыруға міндетті. 30 бапқа сәйкес, мұндай тауарларға дәрілік құралдар, жануарлар мен өсімдіктер, метраждық бұйымдар, ішкиім жатады.  Бұл жайында тұтынушылардың барлығы бірдей біле бермейді, сол себепті сатушы сатып алушыны осы тауарларды ауыстырудың мүмкін еместігі жайында алдын ала хабардар етуі тиіс».

Барлығы 10 нормативтік-құқықтық актіге өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, оның ішінде Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс, ҚР Азаматтық кодексі және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР заңы бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер