astana-view

Тимур Құлыбаев: «Ауылшаруашылық кооперативтер өңірдегі өнімдерді өткізу проблемаларын шешеді»

2016 жылғы 25 Маусым
10693 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Ақмола облысы кəсіпкерлерімен кездесу барысында мəлімдеді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы жұмыс сапарымен Ақмола облысына келіп, онда өңірдегі сүт кəсіпорындарының бірі – «Молоко Синегорье» КСЗ» ЖШС-ға барды. «Атамекен» басшысының пікірінше, фермерліктің табысты дамуына олардың басын біріктіру сеп болмақ. Осылайша, аграрийлердің көптеген проблемалық мәселелерін шешу мүмкін болады.

«Ауылшаруашылық кооперативтерді құру фермерлерге тиімділікті артыруға мүмкіндік береді. Олардың өнімділікті арттыруға бағытталған жұмысын жақсартуға және өткізуге байланысты туындаған проблемаларын оңды шешуге мүмкіндік жасамақ», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев.

Айта кету керек, «Молоко Синегорья» КСЗ» ЖШС тәулігіне 210 тонна сүт, қаймақ және т.б. шығарады. Шығарылған өнімдердің жоғары сапалылығынан басқа, компанияның артықшылықтарының бірі озық өндірістің озық технологияларын тарту және пайдалы өткізу нұсқалары болып саналады.

Бұдан басқа, жалпы облыстағы кәсіпкерлікті дамытудың проблемалары мен перспективті бағыттары талқыланды.

«Біз Өңірлік даму картасынан ШОБ-қа арналған үлкен көмек күтеміз. Іріктеуден өткен жобаларға біз шетелдік серіктестерді тарта отырып, көмек береміз. Отандық кәсіпкерлер мен сыртқы инвесторларды түйістіру мүмкіндігі туып отыр, ал сіздерден біз нақты ұсыныстар күтеміз», – деді ақмолалық кәсіпкерлерге Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата басшысының айтуынша, бизнесті қолдаудың тағы бір маңызды құралы ретінде микронесиелеуді атауға болады.

«Бұл адамдарды жұмыспен қамту жөніндегі жедел әрі тиімді тәсіл, әсіресе ауылдық жерлерде, – деді Төралқа төрағасы. – Сіздердің Астана сияқты алып агломерацияларыңыз бар, сонымен бірге Әлеуметтік даму министрлігі ұсынып отырған бірқатар құралдар бар. Әкімдік мәслихатпен бірлесе осы бағдарлама аясында ресурстарды үлестіру мүмкіндіктерін іздеп, қол ұшын созатынына сенімдімін. Бұл жоғалған қаражат емес, қайтарылмалы ақша. Өз бастамаларыңызды ұсыныңыздар», – деді жергілікті депутаттарға Тимур Құлыбаев.

Өңірлік кеңес барысында «Атамекен» басшысы Палата қызметінің басым бағыттарын айтты. Олардың бастылары – сатып алулар жүйесі мен жергілікті құрамды жетілдіру, тұрғындарды жұмыспен қамтуға атсалысу, ауылдағы бизнесті дамыту, экспортты-импорттық операцияларды реттеу.

Тимур Құлыбаев «бізге әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін тиімді, бәсекеге қабілетті өндірушілер керек» екенін айтты. «Өкінішке қарай, өнімділік деңгейі төмен өңірлер бар, ондағы кәсіпкерлер тек субсидия алу  есебінен ғана жұмыс жасауда. Ақмола облысы – тарихи аграрлық өңір және бұл жерде субсидиялау механизмін жасап шығару аса маңызды. Осыған байланысты біз әкімдік тарапынан да, өңірлік палата тарапынан да нақты ұсыныстар күтеміз», – деп түйіндеді Ұлттық палата Төралқа басшысы.

Тұтастай алғанда, Тимур Құлыбаевтың айтуынша, АӨК аясында өңірлік, салалық ерекшелікті ескеру қажет. Жекелей алғанда, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің суармалылық мәселесін шешу үшін өңірдегі барлық су инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беретін бірқатар шаралар қажет.

«Жергілікті атқарушы органдар тарапынан, сөзсіз, қолдауды сезуге болады. Алайда су шаруашылық шараларды қаржыландыру көздері кәсіпорындардың жеке қаражаты да болуы тиіс. Бізге мықты әрі тиімді шаруалар қажет», – деп түйіндеді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер