astana-view

Алматының Кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық банк және «Даму» қоры бас қосты

2016 жылғы 05 Шілде
- Алматы қаласы
10216 просмотров

Тараптар бизнесті қосымша қаржыландыру мүмкіндігін талқылады

Алматының Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басшылары ҚР Ұлттық банкі өкілдерімен  құнды қағаздар нарығының дамуы және қор биржасына қазақстандық компаниялардың бұдан да белсенді қатысуы мәселелері бойынша кездесу өткізді. 

Тараптар келіссөз барысында қазақстандық бизнестің қор нарығына шығуын күн талабына сай шешуді қажет ететін мәселелер мен факторларды талқылады, ҚР құнды қағаздар нарығы дамуы үшін жағымды жағдай жасау жайлы балама ұсыныстар қаралды. 

Кездесу қорытындылары бойынша балама қаржы тарту жөніндегі қолда бар мүмкіндіктерді бұдан да егжей-тегжейлі талқылау үшін Алматы бизнес қоғамдастығымен кеңейтілген кездесу ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер