astana-view

Тимур Құлыбаев: «ШҚО билігі мен кәсіпкерлері өңірдегі іскерлік ахуалды бірлесе жақсартуда»

2016 жылғы 07 Шілде
8649 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында әкімдік пен ӨКП жұмысына дәл осындай баға берді

Тимур Құлыбаев О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында, Өскемен сүт комбинатында болып, содан кейін Өңірлік кеңестің кеңейтілген мәжілісінде өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесті.

«Атамекен» басшысы ӨКП қызметінің басым бағыттарын айқындап берді.

Мәжіліске қатысушылар талқылаған басты тақырыптар – мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері, шетелдік  инвесторларды қолдау, қадағалаушы органдардың тексерулері, қаржыландыруға қол жеткізу проблемалары, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері.

«Кәсіпкерлер палатасының жұмысы клиентке бағдарланған, талдау  нәтижесінде кәсіпорындардың ең жиі кездесетін жүйелік проблемалары бойынша 2000-нан астам проблемалар анықталды», – деп баяндады ҰКП басшысына Кәсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры Игорь Шацкий.

Отандық тауар өндірушілердің сатып өткізудегі қиындықтары, қаржы ресурстары мен мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділік, жер учаскелерін беру және әкімшілік кедергілер, сатып алулар мен жергілікті құрам, АӨК-нің проблемалық мәселелері, салықтық әкімшілендіру проблемалары, сауда, тарифтер – міне, қазір Кәсіпкерлер палатасы белсенді жұмыс жүргізіп жатқан негізгі жайттар осындай.

ӨКП өзінің бірінші кезектегі міндеті – мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасағаннан кейін отандық өндірушінің өнімін қолдануға қатысты тендерден кейінгі бақылауды ұйымдастыру және өндірушілердің жергілікті тауарлық позицияларын жобалау кезеңінде енгізу.

«Бюджеттік саланың және Ұлттық компаниялардың тауарларды және жұмыстарды сатып алуы кезінде қол менеджментіне ауысу қажет», – деген пікірін білдірді Игорь Шацкий.

ӨКП директоры Палатаның қол жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, олар кепілдікке босату түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту жөніндегі тәжірибені қолдануға қол жеткізген, бұған дейін ШҚО-да ол болмаған.

Сондай-ақ, бизнестің жер комиссияларына 50%-дық қатысуы, жер учаскелерін беруден бас тарту санын 25%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Бизнеске арналған рұқсатнамалық рәсімдер саласында Палата облыс әкімдігімен және прокуратурасымен бірлесіп артық құжаттар талап етуді 85%-ға азайтуға және рәсімдерді көрсету мерзімін 15-20% қысқартуға қол жеткізді.

Бизнесті қорғау жөніндегі жұмыстың нәтижелері деп, сондай-ақ, Палатаның өтініші бойынша 30 лауазымды тұлғаны кәсііпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанын айтуға болады  – яғни, қылмыстық іс қозғау, қызметінен босату, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту.

Облыстың (өңірлердің де) прокуратурасымен тығыз және жемісті жұмыс жүргізілуде.

Сонымен, есептік кезеңде облыс бойынша Прокурор жанындағы кеңестің 76 отырысы өткізілген, оларда бизнестің 133 проблемалық мәселесі қаралған. Қаралған өтініштердің жалпы санының 60%-ы оң шешілген.

Палата өкілдері кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын сотта қорғайды. Палата өкілдерінің қатысуымен 63-тен астам сот процесі өтті, оның 80%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

Жас кәсіпкерлер базасы құрылды. Отандық тауар өндірушілердің түрлі бағыттар бойынша тізілімдері құрастырылды.

ШҚО КП бастамасымен облыс аудандарында «Барлығы алғыс үшін» 12 дүкені ашылды.

«Жалпы, Шығыс Қазақстан  облысының Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Кәсіпкерлерден түсетін өтініштер санының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу серпіні байқалды. Бұл Кәсіпкерлер палатасына деген сенімнің өскенін білдіреді. Біз осы сенімді ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз», -  деп түйіндеді өз сөзін ӨКП директоры.

«Менің ойымша, бұл билік пен бизнестің өзара іс-қимылының жарқын мысалы. Сіздер ешқандай артық күш-қуатсыз, ақшасыз, қарапайым қадамдармен өңірдің бизнес-климатын жақсартып отырсыздар», – деп Тимур Құлыбаев ӨКП жұмысын оң бағалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер