astana-view

Алматыда 4 жұлдызды қонақүй ашылды

2016 жылғы 08 Шілде
- Алматы қаласы
12786 просмотров

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы әкімдігі мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты

Ресми тұлғалар тағы бір бизнес құрылымның пайда болғанына куә болды. Мегаполистің қақ ортасы, Алматының Медеу ауданында сән-салтанатымен Shera Park Inn мейманханасы ашылды. Қонақүйден Іле Алатауының көркем пейзажы көрінеді. Қонақүй қонақтары ондағы жаттығу залы бар СПА-орталық, бассейн, мейрамхана, лаунж-бар, паркинг, бизнес кездесулерге арналған конференц-зал қызметтерін пайдалана алады.

«Қонақүй салуға кеткен инвестициялар 2,5 млрд теңгеге тең. Біз 80 жаңа жұмыс орнын құрдық, олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Баға диапазоны 28 900 теңгеден 65 740 теңгеге дейін барады. Әлемдік қысқы универсиада қарсаңында біз қонақтарды жоғары деңгейде қабылдауға дайынбыз. Қонақүйдің орналасқан жері де ерекше – жарты сағат ішінде Алматы халықаралық әуежайына болсын, ірі бизнес-орталықтарға болсын, тіптен «Медеу» тау шатқалына да лезде баруға болатыны көңіл қуантады. Қарқынды жұмыс жасауға кіріспей жатып, біз вooking.com халықаралық броньдау рейтингісінде көшбасшылық орындарға жайғасып отырмыз. Бұл біздің мүлтіксіз сервисіміздің арқасы», – деді алғысөзінде Shera Park Inn қаржы директоры Рахим Редясебов.

«Экономиканың тұрақсыз кезеңінде қонақүй ашу өте тәуекелшіл бастама. Бұл батыл қадам, ал сіздердің табыстарыңызға қарап, бұл іс бекер емес екенін аңғарасың. Алматы Кәсіпкерлер палатасының атынан сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтауға рұқсат беріңіздер. Сіздердің жалпы қала дамуына қосқан үлестеріңіз, сөзсіз, маңызы зор болмақ. Бұл болашақ салықтар ғана емес, жұмыс орындары, жұмыспен қамту және туризмді дамыту. Өз кезегінде, бүгінде Палата Алматы қаласы туризм саласының Жол картасы тұжырымдамасын жасап шығарды. Оған ену бизнестеріңіз үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Мұнымен қоса, Палата әкімшілік кедергілерді жою жолында да белсенді жұмыс жүргізуде. Егер сіздер мемлекеттік органдармен өзара қатынас кезінде проблемаларға тап болсаңыз, Палатаға жүгінуіңізге болады. Біз отандық бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғаймыз», – деді отырғандарға Алматы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Бекежан Күнтаев.

Ресми бөлім аяқталған соң, қонақтарға арнап нөмірлер мен залдарды, лифт шаруашылығының жағдайын, ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздік жүйесін көрсету саяхаты ұйымдастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер