astana-view

Польшадан келген сарапшылар тәжірибелерімен бөлісті

2016 жылғы 08 Шілде
9810 просмотров

«Астана медициналық университеті» АҚ алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша оқыту семинары өтті

Польшадан келген делегацияны қабылдау мен семинар өткізуді «Химфарм» АҚ ұйымдастырды, оның инвесторы «Polpharma» поляк компаниясы екенін айта кету қажет.

Семинарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының, республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының, «СК-Фармация» ЖШС басшылары, қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығының, жекеменшік денсаулық сақтау, сақтандыру компаниялары мен ірі жұмыспен беруші компаниялардың өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі семинарға қатысушыларға Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, «Астана» медициналық университеті мен Варшава медициналық университеті әріптестікке ниеттестік туралы Хаттамаға қол қойды.

Польшадан келген қонақтар Польшадағы медициналық сақтандырудың үлгілері туралы айтып өтті: артықшылықтары мен кемшіліктері, алған сабақтары, Еуропадағы денсаулық сақтауды қаржыландырудың таңдаулы модельдері, Польшадағы амбулаторлық және стационарлық емделудегі дәрі-дәрмектерді қаржыландыру жүйелері туралы, дәрі-дәрмектерді фармакологиялық және экономикалық бағалау және дәрі-дәрмекке кететін шығындарды оңтайландырудағы оның рөлі, өзара әрекет ету модельдері: жедел көмек беру жүйесіндегі поляк жүйесінің нәтижелері және т.б.

Польшадан келген тарап Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қалыптастыру мен дамыту кезеңіндегі тәуекелді азайту мақсатында тәжірибелерімен бөлісіп, Еуропа одағының, сондай-ақ Польшаның денсаулық сақтау салаларына қатысты сұрақтарға жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер