astana-view

Польша кәсіпкерлері қазақстандық бизнеске инвестиция құюға әзір

2016 жылғы 14 Шілде
12297 просмотров

Польша кәсіпкерлері ортақ жобаларға инвестиция құюға әзір

«Атамекен» ҰКП В2В форматында өзара серіктестікке мүдделі қазақстандық және польша компаниялары кездесті.

Екі ел кәсіпкерлерінің кездесуі дер кезінде өтті, өйткені жақын күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Польшаға ресми сапары жоспарланып отыр және де Польша Қазақстанның сенімді серіктесі.

«Қазақстандық және поляк бизнесмендерінің келіссөздері нәтижесінде түрлі салада әртараптандыру жүреді деген сенімдеміз. Фармацияға да, логистикаға да қатысты болуы ықтимал. Біздің білуімізше, Польша Қазақстанмен көлік-логистика бойынша серіктестігін арттырғысы келеді, олардың көздегені Қытай нарығына өту. Бұл мәселе екі елдің де ұлттық мүддесін көздейді: көлік пен транзит әлеуетін мейлінше қолдану керек», – дейді ҚР Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев.

Қазақстандық және поляк кәсіпкерлері көзбе-көз кездесу кезінде етене жақын танысып, серіктестік әлеуетін сөз етісті. Польшаның даму министрінің кеңесшісі Эльжбета Бодио ханым атап өткендей, егер лайықты ұсыныс болса, поляк банкі Қазақстанмен ортақ жобаларды қаржыландыруға әзір.

Бүгінгі таңда отандық экономикаға поляктардың салған инвестициясы 190 млн долларға жуық. Қазақстанда поляк капиталының қатысуымен 200-ге жуық ортақ жоба тіркелген екен. Мамандардың айтуынша, Қазақстан мен Польшаның серіктестігі зор мүмкіндіктерге жол ашады. Поляктар шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласында орасан зор тәжірибесі бар ел. Польшаның ЖІӨ 500 млрд долларға тең, оның ішінде 45%-ы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесінде.

Поляктар тарапынан ауылшаруашылық көліктерін шығару, тамақ өндірісі, энергетикалық сектор, баламалы энергетика, IT-шешімдер сынды саладан 15 компания келді.

Қазақстан тарапынан кездесуге 50-ден аса компания қатысты. Олардың арасында ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпкерлер де бар.

Кейбір қазақстандық компаниялар сол жерден поляк әріптестерімен өзара ортақ жобаларға келісімдер жасады. Польша компаниялары іссапар барысында Қарағандыға да барады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер