astana-view

Банкротқа ұшыраған компаниялар жұмысшыларының жалақысын төлей алмай отыр

2016 жылғы 15 Шілде
13338 просмотров

Банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың жалақы төлеу бойынша қомақты қарыздары бар

Банкрот кәсіпорындар жұмысшылардың шамамен үш триллонға тең жалақысын төлей алмай отыр. «Бүгінгі таңда ел бойынша жұмысшылар алдындағы қарыз 1 млрд 472 теңгені құрап отыр. Ең үлкен қарыз банкрот болған компаниялардың еншісінде – 978 млн теңге, олардың саны 80-ге жуық, үш мың жұмысшының жалақысын төлемей келеді», – деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар орталығындағы брифингте денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, «қарызды төлеу үдерісі кәсіпорынның меншігін тәркілеуге апаратын «Банкроттық туралы» заңға сәйкес жүріп жатыр».

Оның үстіне, Б.Нұрымбетовтің айтуынша, ағымдағы және кешіктірілген қарыздары және бар дейді.

«29 кәсіпорынның ағымдағы 410 млн теңге қарызы үш айға дейін төленбеген. Ал кешіктірілген қарыз – үш айдан асып кеткен қарыздар. Оның көлемі 85 миллион. Оны 9 кәсіпорын төлей алмай отыр», – деді вице-министр.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, ҚР орташа жалақы 133 мың теңгені құрайды екен. Ең жоғары жалақы ғылыми-техникалық  салаға тиесілі – 298 мың теңге, қаржы және сақтандыру саласында – 249 мың теңге. Үшінші орында – өндіріс – 182 мың теңге.

«Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы батыс Маңғыстау мен Атырау облыстарында және Алматы қаласында», – деді вице-министр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер