astana-view

Тексеріс нәтижесін жедел береді

2016 жылғы 27 Шілде
9146 просмотров

Тамыз айынан бастап тағам өндірушілердің өнімдерін тексеруші мемлекеттік органдар тексеріс нәтижелері туралы жедел түрде ақпарат береді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеті мен «Атамекен» ҚР ҰКП осындай шешім қабылдады. Мұндай шешімді олар отандық тағам өндірушілерден келіп түскен шағымдардың жиілеуі себебінен қабылдап отыр.

Тағам өнеркәсібіндегілердің айтуынша, Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің өңірлік департаменттері тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау аясында тексерістер ұйымдастыра жүріп, кәсіпорындарға сауда желілерінен алынған өнімдердің сатып алыну нәтижелері туралы уақытылы ақпарат бермейді, осының салдарынан олар автоматты түрде Комитеттің сәйкес келмейтін өнімдер Реестріне енеді. Ал соңында нәтижелерге шағым айтуға немесе қайта тексерістен өткізуге кеш болады.

Осыған байланысты тамыз айында ҚР ҰКП-мен өзара әрекеттестікте Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің өңірлік департаменттерінің өндірушілерге өнімдердің сатып алыну нәтижелері жөнінде жедел ақпараттандыруы бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ. Бұл кәсіпорындарға талдаулар нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Реестрге енгізілместен бұрын қайта зертханалық бақылау жасау үшін Ұлттық-тәжірибелік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен бақылау орталығына баруға мүмкіндік береді (тел. 8 (7172) 31-54-09, 31-87-06, 55-49-25).

Пилоттық жобаға қатысты барлық қажетті ақпаратты ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментінен, Валентина Мильчинскаядан  алуға болады, тел.: 8 (7172) 919- 330 (ішкі 1787). 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер