astana-view

Жарты жылдағы жақсы өсім

2016 жылғы 27 Шілде
- Алматы қаласы
8288 просмотров

Алматы әкімдігінде Мемлекеттік органдардағы сатып алулар бойынша жергілікті құрамды мониторингілеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Алматыда аумақтық денсаулық сақтау, құрылыс және білім беру басқармаларының қатысуымен мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардағы сатып алулардағы жергілікті құрамды мониторингілеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Шараға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен тауар өнідірушілер қатысты.

«Жыл басынан бері денсаулық сақтау, энергетика мен коммуналдық шаруашылық, құрылыс, білім беру, табиғатты пайдалану, ауыл шаруашылығы мен IT-технологиялар салаларында 7 жиналыс өтті. Ол жиналыстарға 600-ден астам отандық тауар өндірушілер, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қатысты. Қазақстандық құрамның үлесін арттыру басымдықта екенін ескере отырып, Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен Комиссия мүшелері өз құзыреті шеңберінде отандық кәсіпорындар барынша жұмысқа тартылғанша аталған процесті бақыламақ», – деп мәлімдеді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

«Комиссия осы жылдың басынан бері мемлекеттік органдардың сатып алуларын мониторингіледі. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Алматыдағы қазақстандық құрамның үлесі 28,1%-ға артып, 2015 жылмен салыстырғанда 56,1%-ға жетті. Білім беру саласындағы көрсеткіштерде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Мәселен, 2015 жылы балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер үшін сатып алулардағы қазақстандық құрам 46% болса, осы жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 87,8%-ға жетіп үлгерді», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев.

Кездесу соңында жүйелік мәселелер талқыға салынып, отандық тауар өндірушілер мемлекеттік сатып алулар процесін жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер