astana-view

ТМД сыйлығы табысталды

2016 жылғы 28 Шілде
7382 просмотров

Қазақстандық кәсіпорын «РЗА» АҚ «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру» аталымы бойынша арнайы дипломмен марапатталды

Минскідегі ТМД Атқару комитетінің штаб-пәтерінде өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығының 2015 жылғы қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей сынды ТМД елдерінен 12 кәсіпорын қатысты.

ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2015 жылдың сапа саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығының лауреаттары:

– «Өнім өндіру мақсатында өндірісте жұмыс істеушілер саны 250 адамға дейін» аталымы бойынша «Бел-Пласт Интернэшнл» БЖШҚ (Беларуссия);

–  «Өнім өндіру мақсатында өндірісте жұмыскерлер саны 251-ден 3000 адамға дейін» аталымы бойынша "Пакер" ЖШС (Ресей);

– «Азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісінде жұмыскерлер саны 250 адамға дейін» аталымы бойынша «Қырғыз Коньягы» ЖШС (Қырғызстан);

– «Азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісінде жұмыскерлер саны 251-ден 3000 адамға дейін» аталымы бойынша «Ереван коньяк зауыты» ЖАҚ (Армения);

– «Қызмет көрсету мақсатында жұмыскерлер саны 251-ден 3000 адамға дейін» аталымы бойынша Башқұртстан Республикасының «Янган Тау» шипажайы (Ресей);

– «Қызмет көрсету мақсатында жұмыскерлер саны 3000-нан жоғары» аталымы бойынша А.И. Евдокимов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университеті (Ресей).

Арнайы диплом иегерлері:

– «Өнім өндіру мақсатында өндірісте жұмыс істеушілер саны 250 адамға дейін» аталымы бойынша «Франдеса» ЖШС (Белоруссия);

– «Азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісінде жұмыскерлер саны 250 адамға дейін» аталымы бойынша «Биоком» ЖШС (Белоруссия);

– «Азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісінде жұмыскерлер саны 251-ден 3000 адамға дейін» аталымы бойынша «РЗА» АҚ (Қазақстан), «Лида Сүт зауыты» АҚ (Белоруссия);

– «Қызмет көрсету мақсатында жұмыскерлер саны 251-ден 3000 адамға дейін» аталымы бойынша «Белзарубежстрой» ЖАҚ (Белоруссия) және «Локомотивное депо Минск» Беларусь темір жолының Минскідегі филиалы (Белоруссия).

Рәсімге ТМД Атқару комитетінің атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысты. Ол өндірістегі жетістіктері мен бәсекеге қабілеттілігі, сапалы қызмет көрсеткендері үшін жеңімпаздарды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жүлде екі жылда бір рет ТМД елдерінің арасында конкурс арқылы өнім сапасы мен қызмет көрсету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуі, сапаны басқарудың заманауи әдістерін енгізуі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша мемлекеттік ұйымдардың анықтауымен тағайындалады.

Қатысушыларға қойылатын басты талап, екі жыл ішінде шығарған өнімдерінің немесе көрсеткен қызметтерінің жоғары сапалы болуы және ТМД елдерінің екі мемлекетіне тауарлары мен қызметтерін экспорттауы қажет. Жеңімпаздарды жоғары білікті сараптама комиссиялары анықтайды.

Бұл додаға 2006 жылдан бері Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина елдерінен 100-ден астам өндіріс ошақтары қатысқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер