astana-view

Қауымдастық құрылады

2016 жылғы 02 Тамыз
10658 просмотров

Алматының техникалық қызмет көрсету орталығында өткен конференцияда ТҚО қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда деректерді беру қызметі бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) міндетті түрде қолдану нормасы күшіне енген еді. Кәсіпкерлер бұл реформаны қызу талқылаған болатын. Бизнес-қауымдастық бұл өзгерісті кейінге қалдыру керек деген пікір білдірген. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес пен билік арасында делдал бола отырып, осы мәселені бірнеше рет көтерді. ҰКП алаңында көптеген отырыстар өтіп, оның қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге әлі де уақыт беру туралы шешім шыққан болатын. Және де мемлекеттік органдар осыған орай, жаңа заңды сақтамағандарға айыппұл салмауды уәде еткен.

Қазақстандағы екі ірі БКМ Onlinе орнатушы – «ПОРТ» КТ және «Вайя-КА» компаниялары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдері, «Қазақтелеком» АҚ-ның  салықтық деректер операторы, өз жұмыстарында БКМ Onlinе қызметін қолданушы ірі отандық ритейлерлер және салық төлеушілердің, сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен конференция өткізді. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – Қазақстанда өркениетті нарық құру негізінде БКМ Onlinе жобасын болашақта дамыту үшін, деректерді  беру қызметі орналасқан бақылау-касса машиналарына тікелей қатысты барлық нарық қатысушыларының ортақ күш-жігерін бір арнада шоғырландыру. Осыған байланысты, ортақ салалық Қауымдастық құру туралы шешім қабылданды.

«Порт» компаниясының директоры Олег Лукин атап өткендей, БКМ қызметтері бойынша тәуелсіз техникалық қызмет көрсету Орталығы қауымдастығын құру идеясы бұрыннан пайда болған. Ол 1998 жылы жасалып, «НАЦУН» деп аталған. Бұл ұйым өз саласында айтарлықтай ұзақ, әрі табысты қызмет етті. Оның сол кездегі ең басты жетістігі, ТҚО жұмысын реттеу үшін, ТҚО және Салық комитеті арасында тығыз байланыс орнатылып, барлық нормалары мен ережелерінің жазылып отыруы.

«Бұдан кейін де осындай қауымдастық құруға талпыныс жасағанбыз. Бірақ, әзірге ол барлық ТҚО-ның бірігуіне алып келген жоқ. Ал бірігу қазіргі таңда аса маңызды. Заңның да, мемлекеттің де салықтық саясатқа, кассалық техникаға деген көзқарасы өзгерген. Деректерді беру қызметі бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына қолдану міндеттелген жаңа заңның енгізілгеніне, міне, бір жылдан асты. Осы норманы іске асыру барысында негізгі жұмыс ТҚО-ға жүктелді. Олар БКМ құрылғыларын сатудан бөлек, салық төлеушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алайда, бұл жұмыс сенімсіз деңгейде атқарылды. Салықтық деректер операторларының рөлін атқарған ҚР ҚМ МКК де, «Қазақтелеком» АҚ да айқын міндеттер қойып,  нақты ережелер белгiлеген емес», – деді Олег Лукин.

Салдарында, Лукин, ТҚО-да бір жағынан Мемлекеттік кірістер комитеті  мен салықтық деректер арасындағы қарым-қатынасқа байланысты, екінші жағынан салық төлеушілерге байланысты көптеген сұрақтардың жиналып қалғанын жеткізді. «Қазақстандағы осы мәселелерді бір жолға қойып, шешу үшін барлық техникалық қызмет орталықтарын біріктіретін орган керек», – деді ол.

Конференциядағы пікірталастар барысында көпшілік дауыспен, тәуелсіз салалық Қазақстан Республикасы Техникалық қызмет көрсету орталықтары қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер