astana-view

Фейсбук– туризм жайлы әңгіме алаңы

2016 жылғы 03 Тамыз
8161 просмотров

«Атамекен» ҰКП  Facebook әлеуметтік желісінде «Басқару-Бизнес-Туризм» атты топ құрды. Онда қазақстандықтар елдегі туристік индустрияны дамыту жөніндегі ұсыныстарымен, пікірлерімен бөлісе алады

Топ туризмді дамыту жөніндегі өзекті тақырыптарды талқылау және Қазақстандағы ішкі және кірме туризмді дамыту мәселесі алаңдататын барлық адамдармен сындарлы сұхбат орнатуды талқылау мақсатында құрылған.

«Атамекен» барлық қазақстандықтарды Қазақстандағы туризмді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысуға, өз пікірін білдіріп, туристік саланы жақсарту жөніндегі шараларды ұсынуға шақырып отыр.

«Басқару-Бизнес-Туризм» тобына келіп түскен ескертпелермен және ұсыныстармен одан әрі Кәсіпкерлер палатасы жұмыс жасап, мемлекеттік органдардың, бизнес және қауымдастық өкілдерінің қарауына берілетін болады.

ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, «туристік саланы дамытуды кабинетте отырып, қалың жұртшылық пен бизнестің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес».

«Біздің ойымызша, бизнес субъектілерімен жиын өткізу жеткіліксіз. Кері байланыс, туристер пікірлері, сарапшылар ұсыныстары мен халықаралық тәжірибе болуы керек. «Басқару-Бизнес-Туризм» ашық тобы – бұл Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдар, бизнес және тиісті қауымдастық өкілдері арасында жедел ақпарат алмасуға арналған алаң. «Басқару-Туризм-Бизнес» тобында қоғамдастық көтерген проблемалар мен кедергілер талданып, бірлесе шешу үшін қосымша дәйектер ретінде тиісті инстанцияларға жолданатын болады. Саяхаттар туралы пікірлерден блогерлік беттер түзілетін болады. Ал фотосуреттерден өңірлердің деректер қоры жасалады. Бірлесе күш салу арқылы біз, Қазақстандағы туризмді дамытуда үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын», – деді Юлия Якупбаева.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер