astana-view

Ұйқы тыныш болсын десең, мүлікті заңдастыр!

2016 жылғы 04 Тамыз
7426 просмотров

Қазақстандықтарды мүлікті жария етуде белсенділік танытуға шақырды

Қазыналық органдар науқан қарқынын оң бағалап отыр, алайда қатысушылар санының артуын күтуде.

Жария етуге мәлімделген 2,3 трлн теңгенің екі триллионы заңдастырылып үлгерді, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 100 мыңнан астам өтініш қаралды. «Жария етуге мәлімделген қаражат 28-ден 200 млрд теңгеге өсті, заңдастыру нысанының ауқымы да кеңейді. Олардың ішінде бизнес-нысандар да, тұрғын жайлар да бар. Одан бөлек, жария ету жағрапиясы да кеңейді», - деп атап өтті ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов.

«Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген сәттен бастап заңдаастырылған мүліктің сомасы 460 млрд теңге болды, желтоқсандағы түзетулерден кейін заңдастыру сомасы 1,6 трлн теңгеге жетті. Яғни заңдастыру қарқыны 5 есе өсті», - деді Е. Біржанов.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің өкілі «Қазақстанның Страсбург келісіміне қосылғанын, соған сәйкес шетелдегі мүліктер мен қаржылар бойынша өзара алмасу жүріп жатқандығын» да айта кетті. Келісімге 90 ел мен 20 оффшорлық юрисдикция қатысады. Ержан Біржанов Қазақстанның мәліметтермен алмасу келісімі бойынша жыл сайын (банктердегі – ред.) ашық шоттар бойынша мәліметтер алмастырылатындығын да қоса айтты. «Бұл қаражаттарын, жылжымайтын мүліктерін көлеңкеден шығармаған және көрсетпегендердің кейін ізіне түсуге мүмкіндік беретін шаралар, олармен бөлек жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан қазақстандықтарға 2017 жылдың соңына дейін барлық мүліктері мен қаржыларын заңды түрде жария етіп, кедергісіз заңдастыруға мүмкіндіктері бар екендігін жеткізгім келеді», - деп мүлікті заңдастыруға шақырды Е. Біржанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер