Қызылорда бояуы
Өңір кәсіпкерлері жаңа белестерді бағындыруда
Ақпан айында «Қызылордада жасалған» деген брендпен акрил бояуы нарыққа шығарыла бастады. Бүгінгі таңда салмағы 7, 15 және 25 килограмдық эмульсиялар тұтынушылар үшін қолжетімді болып отыр. Жоба бастамашыларының айтуынша, жергілікті бояуға деген сұраныс артып келеді.
Бүгінде кәсіпкер Бақытжан Тәңірбергенов бизнесті кеңейтуді ойластырып, жеңілдігі бар несиеге өтінім берген. Бизнесмен цехтың қуаттылығын жаңғыртқаннан кейін, өндірісті тәулігіне жиырма тоннаға дейін жеткізуге болады деген сенімде.
«Алғымыз келетін несие сомасы 10 миллион теңге. Бұл өндірісті көлемі жағынан да, өнім спектрі жағынан да кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұлар ішкі және сыртқы жұмыстарға арналған эмальды және басқа да бояулар. Өз тұтынушыларымызды көп ұзамай қуанта аламыз деген үміттеміз», – дейді кәсіпкер.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: