astana-view

Шағым көп түскен шенеунік жұмыстан кетті

2016 жылғы 15 Тамыз
- Жетісу облысы
11254 просмотров

Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің экс-басшысы заңсыз тексерістер жүргізген

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментін басқарған Қайрат Тастемір қызметінен қуылды.

Естеріңізге сала кетсек, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес, кәсіпкерлер тарапынан бірнеше қайтара шағым түскендіктен, аталған департаменттің қызметін тексеруді ұсынған еді. Бизнес-қауымдастықтың пірікінше, мемлекеттік орган тексеріс жүргізудің тәртібі мен талаптарын бұзған. Бұрынырақ Қайрат Тастемір осыған ұқсас заңбұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жауапқа тартылған екен. Оған сөгіс жарияланған. Алайда жағдай түзелген жоқ. Кәсіпкерлердің ТРМКД қызметіне көңілдері толмады.

Мәселен, техникалық реттеу және метрология саласында тәуекелдік деңгейін бағалау өлшемдерін бұзу жағдайы бойынша, «Аймед медициналық орталығы» ЖШС мен «АРУ медициналық орталығы» ЖШС 2016 жылдың І тоқсанында ішінара тексеру жоспарына енгізілген. Алайда бұл ұйымдардың қызметтеріне өткен жылы оң баға берілген. Кәсіпкерлер тарапынан жасалған шағымнан кейін прокуратура органдары тексеруді алып тастады. Осыған байланысты, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік департаментіне ТРМКД қызметіне мониторинг жүргізу, ал бейінді министрлікке ұйымның бірінші басшысын жауапқа тарту шараларын қабылдау ұсынылды.

Міне, көптеген шағымдар мен арыздар нәтижесін берді. Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушы бұйрық шығарып, Қайрат Тастемір қызметінен босатылды. Естеріңізге сала кетсек, шенеунік департаментті 2015 жылдың ақпан айынан бері басқарып келген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер