astana-view

Гонконг кәсіпкерлері Қазақстанға келеді

2016 жылғы 16 Тамыз
10662 просмотров

Қыркүйектің 13-17-сі күндері аралығында елімізге Гонконгтың қаржы жөніндегі хатшысы Джон Цанг бастаған бизнес-делегация келеді

Hong Kong Trade Development Council ұйымы мен «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты қазақстандық кәсіпкерлермен іскерлік қарым-қатынастар орнату болып саналады. 

Кездесу барысында отандық компаниялар басшыларының, сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі өкілдерінің қатысуымен 14 қыркүйекте Астанада, 16 қыркүйекте Алматыда бизнес-кездесулер өткізіледі деп жоспарлануда.

Гонконг делегациясы құрамында инвестициялық, қаржылық  консалтингтік компаниялардың иелері мен топ-менеджменті, құрылтайшылары болады деп күтілуде. Сапар кезінде Еуразиялық экономикалық одақ нарығында бизнес ашу немесе дамыту жолдарын көздейтін шетелдік компаниялар үшін Қазақстанның ыңғайлы платформа ретіндегі мүмкіндіктері, сонымен бірге  инвестициялық артықшылықтары мен болашағы туралы айтылады.

Аталмыш шара инвестициялық мүмкіндіктердің артуына, Қазақстанда жаңа компаниялар ашып, инвестиция құюды мақсат ететін Гонконг компаниялары санының артуына жол ашады.

Бизнес-кездесуге қатысу үшін толық аты-жөні, компания мен оның қызмет көрсететін саласы, лауазымы, жеке мәліметтері көрсетілген өтінішті a.eraliyeva@palata.kz электрондық поштасына, Ералиева Ақеркін Егембергенқызына жолдауларыңызды сұраймыз: +7727 225 18 30, +7727 225 18 31, 8 701 746 5736.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер