astana-view

Бизнес жемқорлыққа қарсы

2016 жылғы 17 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9178 просмотров

Уәлиханов ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында мемлекеттік органдардың өкілдері бизнесмендерге өз кәсіпорындарын заңсыз әрекеттерден қорғау жолдарын байыптады

Кездесуге қатысушылар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың тиімді механизмдерін жасауды мақсат тұтты. Дөңгелек үстел барысында аудан прокуроры, алдарына қойылған маңызды міндеттердің бірі кәсіпкерлерді қолдау екенін атап өтті.

Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Батырхан Ахметов осы жылы филиалға кәсіпкерлерден 50 арыз келіп түскенін, оның 30-дайы құқықтық мәселелер бойынша келсе, 10-ға жуығы бизнесті қорғау желісі бойынша жазылғандығын мәлімдеді. Өткен жылы Палата филиалына 150 бизнесмен өтініш білдіре келген, оның 90-нан астамы құқықтық мәселелер бойынша көмек сұраса, 70-тейі бизнесті қорғау желісі бойынша жәрдемдесулерін өтінген. Жалпы сомасы 21 млн теңге болатын бизнестің мүдделері қорғалған. Өтініштердің басым көпшілігі жер қатынастары, сәулет және қала салу (жобалаушылармен өзара қарым-қатынас, шағын және орта бизнесті тексеру), салықтық міндеттемелер (POS-терминалдар орнату, әлеуметтік аударымдарды, электронды шот-фактураларды төлеу), ауыл шаруашылығы (АӨК тіркеу, жарғы әзірлеу, АӨК жобаларын сүйемелдеу) сияқты мәселелерге қатысты болған.

Апта бұрын ауданның шенеуніктері, саясаткерлері, сарапшылары мен бизнесмендері бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қалай сақтауға болатындығын талқылаған еді. Онда іскерлік топ бетпе-бет келіп отыратын мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды шешу жөнінде нақты шешімдер қабылдау туралы келісілген болатын. Парақорлық бизнеске ғана емес, бүкіл қоғам мен мемлекетке қаржылай шығын әкеледі, деп санайды шараға қатысушылар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер