astana-view

«Атамекен» мен KASE отандық компанияларды қор нарығына бірлесе оқытуға келісті

2016 жылғы 18 Тамыз
9642 просмотров

«Атамекен» ҰКП мен Қазақстан қор биржасы өзара серіктестік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол қойды

Аталған құжатта ортақ жұмыстың негізгі бағыттары көрсетілген: жаңа қаржылық институттарды, баламалы инвесторлық базаларды, компанияларда ұжымдық басқаруды дамыту және қаржылық, инвесторлық сауаттылықты арттыру.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева атап өткендей, бүгінде өңірлік Кәсіпкерлер палаталары ақпараттандыру және KASE талаптарын ескере отырып, қор нарығына шығару үшін отандық компанияларды іріктеу жұмыстарын бастап кетті.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы өз аймақтарынан 8 компанияның тізімін ұсынды.

Жоспарға сәйкес, Биржа өңірлік Кәсіпкерлер палаталарының базаларында жекеменшік иелері мен компания басшыларына қор нарығының негіздерін және компанияның қаржылық ағындарын басқаруда қор нарығы құралдарын пайдалануды тегін оқытуда.

Өңірлердегі кәсіпкерлерге отандық қор нарығы мен оның мүмкіндіктері туралы сауатты түрде кеңес беру үшін Биржа оқу бағдарламасын өткізуді қарастырған. Осылайша, ҰКП орталық аппаратының және өңірлік Палаталар қызметкерлерінің қор нарығының инфрақұрылымы мен оның негізгі тұстарына қатысты білімдерін арттыруға зор мүмкіндік туып тұр.

Қор нарығына шығуға дайындық үстіндегі компанияларға Биржа қор нарығына шығу процесіне байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес беріп, тұрақты түрде көмектесіп тұрады. Қысқасы, ақпараттық дайындау мен компанияны ілгерілетуден бастап, оларды қор нарығына шығаруға дейін Биржа толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Одан бөлек, Бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында ұжымдық басқаруды енгізу мен дамыту бойынша бірқатар шаралар өткізіледі деп күтілуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында халықаралық тәжірибелерге сай ұжымдық басқаруды енгізуді жоспарлап отырған компаниялардың кәсіби кеңес берушілерінің қатысуымен бірыңғай қолдау көрсету қызметі құрылады. Тағы бір маңызды жайт, жеке бағдарлама шеңберінде Биржа компанияларға ұжымдық басқаруды енгізу мен ұйымдастыру бойынша жеке меншік иелері мен компаниялар басшыларын оқытуды көздеп отыр.

Өздеріңіз көріп отырғандай, Жоспарда көрсетілген жоғарыда аталған барлық шаралар отандық қор нарығы арқылы қаржы тартуда компаниялрымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

«Біздің ортақ күш біріктіруіміз отандық компаниялардың қазақстандық қор нарығына шығуына оңтайлы жағдай жасауға бағытталған. Қазақстандық компаниялардың қазіргі экономикалық жағдайларды есепке ала отырып, KASE қор биржасын өз бизнесін дамытуда қаржы тартуға арналған платформа ретінде пайдалануға мүмкіндіктерінің мол болуы маңызды», – дейді KASE қор биржасының басқарма төрайымы Алина Алдамберген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер