astana-view

Жаңа цехта май өндіреді

2016 жылғы 19 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9647 просмотров

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер Валерий Самойленко қолданыстағы май өнімдерін шығару цехында жаңа өндірісті іске қосты

СҚО Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры аудандық кәсіпкерлік бөлімінің көмегімен ол несие рәсімдеп, пакетке құйылатын сүт өндірісіне арналған желі сатып алған. Кәсіп иесі ірімшік даярлауды да жоспарлап отыр.

«Лера-NORD» ЖШС майлылығы 2,5% және 3,2% болатын пастерленген сүт, сонымен бірге сүзбе мен спред (құрамында түрлі өсімдік майлары бар сары май) шығарады. Күн сайын цех 3 тонна сүт пен спред өндіреді.

«Спредтер сары майдан да пайдалы болуы мүмкін, себебі онда калория мен холестерин аз, сонымен бірге оны ұзақ уақыт сақтауға болады. Сондықтан, оның бағасының арзан болуы дұрыс тамақтануды әдетке айналдырып жатқан тұтынушылар тарапынан кең сұранысқа ие болуы мүмкін, – дейді цех басшысы Артем Самойленко. – Біздің өнімдеріміздің барлығы тексерілген табиғи шикізаттардан жасалады және бүгінде кең таралған қоспалар оның құрамында жоқ. Жаңа келіп түскен барлық шикізат өндірістік процеске жіберілмес бұрын, зертханалық бақылаудан өтеді. Біз сүттің тығыздығына, майлылығына, қышқылдығына, сонымен бірге антибиотиктер мен бактериялардың бар-жоғына аудандық СЭС-те талдау жасаймыз. Онымен біз келісімшартқа отырғанбыз».

Сонымен бірге, кәсіпорын майлы өнімдерді бөлшектеп өлшеу бойынша қызметтер көрсетеді. Бұл үшін цехта майларды брикетке 200 г-нан орайтын арнайы аппарат орнатылған.

«Мемлекет пен бизнестің мақсаты бір – Қазақстанды өркендету. Кез келген елдің экономикалық өсімін ынталандыруда басты фактор болып жекеменшік кәсіпкерлік болып табылады. Мемлекет бизнестің, ал бизнес мемлекеттің қолдауының арқасында гүлдене түсетіні белгілі. Бүгінде, Қазақстанда кәсіпкерлік күннен күнге күш алып, экономиканың тамырына қан жүгіртіп келеді», – дейді Тайынша КПФ директоры Аслан Нұрсейітов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер