astana-view

Болат бұрыш өндірушілердің және тұтынушылардың назарына!

2016 жылғы 24 Тамыз
8398 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті Украинада шығатын болат бұрышты өндірушілердің және тұтынушылардың барлығынан демпингке қарсы тексеруге қатысуларын өтінеді

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесінде мәлімдегендей, биылғы жылдың 5 тамызында Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті Украинадан шығатын және ЕАЭО кедендік аумағына енгізілетін балқытып өңделген болат бұрыштарға қатысты (демпингке қарсы тексеру басталғаны туралы шешім қабылдады.

ЕЭК Департаментінің тиісті ескертуі Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналасқан. 

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшарттың №8 қосымшасына сәйкес, мүдделі тұлғалар қатысу туралы өтініш бере алады және тексеруге қатысушы ретінде тексеру басталған мерзімнен бастап 25 күнтізбелік күн ішінде тіркелуі тиіс.

Егер мүдделі тұлға тексерудің қатысушысы ретінде тіркелген жағдайда, ол:

·         Тексерудің құпия емес материалдарымен таныса алады;

·         Тексеру басталған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде жария тыңдаулар өткізу туралы қолдаухат бере алады және оларға қатыса алады;

·         Тексеру аяқталғанға дейін ЕЭК Департаментінің соңғы түйінінің құпия емес нұсқасымен (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулер) таныса алады және өз пікірлерін бере алады.

Одан бөлек, ЕАЭО Келісімшартына сәйкес, мүдделі тұлғалар тексеру басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде ЕЭК Департаментіне өздерінің пікірлерін және тексеруге қатысты мәліметтерін ұсына алады (жазбаша түрде, орыс тілінде, құпия және құпия емес нұсқаларда).

Тексеру кезінде өндірушілер де, сондай-ақ, тұтынушылар мен қарастырылып отырған тауарды импорттаушылар да мүдделі тұлға ретінде танылады.

Өндірушілер мен тұтынушылар, өз мүдделерін қорғау мақсатында, тексеруге қатысы бар құжаттар мен мәліметтерді көрсете алады, өкілетті органмен және тексерудің басқа қатысушыларымен консультацияларға қатысады.

Экономикалық интеграция департаменті тауарға тексеру аясында мынадай деректер анықталған жағдайда демпингке қарсы шара қолданылуы мүмкін екеніне назар аудартады:

·         Тауар ЕАЭО-ға демпингтік бағалармен жеткізіледі;

·         Одақ экономикасының салаларына материалдық зиян келгенде не болмаса осындай зиян келу қаупі болғанда;

·         Демпингтік импорт пен Одақ экономикасының саласына келтірілген материалдық зиян арасында себептік-салдарлық байланыс бар.

Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғалардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) қатысуы және релевантты ақпараттың берілуі тексеру қорытындыларын жасау кезінде аса маңызды фактор болып табылады,  себебі, олардың болмауы теріс құбылыстарға әкеп соғуы ықтимал, яғни, тиісті ақпарат тексеру кезінде ЕЭК Департаментінің назарына ілікпей қалады, ал тексерудің нәтижелері туралы бастапқы және соңғы түйіндер ЕЭК Департаментінің құзырындағы басқа ақпараттың негізінде жасалуы мүмкін.   

Анықтама үшін:

Үшінші елдерден жеткізілетін болат бұрыштар импортының көлемі 2015 жылы 10,9 млн АҚШ доллары сомасында 16 мың тоннаны құрады, оның ішінде Украинадан 9 млн АҚШ доллары сомасында 13,7 мың тонна көлемінде.  Көрсетілген тауар түрлерінің экспорты 2015 жылы шын мәнінде іске асырылмады (Тәжікстанға 2,7 мың АҚШ доллары).

2016 жылдың бірінші жартысында болат бұрыштардың көрсетілген түрлерінің импорт көлемі 1,9 млн АҚШ доллары сомасында 2 мың тоннаны құрады (Украинадан – 1,1 млн АҚШ доллары сомасында 1,4 мың тонна). Экспорт Өзбекстан мен Ауғанстанға 190 мың АҚШ доллары сомасында 556 тоннаны құрады.

Украинадан шығатын болат бұрыштарға қатысты демпингке қарсы тексеруге өндіруші немесе болат бұрыштарды тұтынушы ретінде қатысуға қызығушылық білдірген жағдайда, «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне жүгінуді сұраймыз.

Тел.: 8 (7172) 919 373, e-mail: dei@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер