astana-view

Шаруалар алған білімдерін қалай пайдаға асыруды біледі

2016 жылғы 01 Қыркүйек
- Павлодар облысы
9885 просмотров

Шарбақты ауданының фермерлері жем-шөп дайындаудың жаңа технологияларын игеруде

Фермерлерге арналған семинарларды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығы ауылдағы тауар өндірушілерді ғылыми-техникалық нәтижелермен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың алған білімдерін ауылшаруашылық өндірісіне енгізу мақсатында ұйымдастырып отыр.

Теориялық және тәжірибелік сабақтар озық үлгідегі «Абай» ЖШС шауашылығының алаңында өтті. 1-санаттағы кәсіпорын базасы бір уақытта 10 мың бас ірі қара малды қамтамасыз етуге есептелген, еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңының жұмысын сәтті жүргізіп отыр.

Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ауыл шаруашылығы тиімді дамыту болып отыр. Серіктестік өндіріп отырған барлық өнім сертификатталған.

Семинар барысында шаруа қожалықтарының басшылары жем-шөп дайындау және мал бордақылауға арналған заманауи техникалармен танысты. Сондай-ақ олар жем-шөп құрамында кездесетін қоректік және басқа да өмірлік маңызды заттардың құрамы туралы қажетті ақпараттарды алды. Ол үшін жем-шөпке зоотехникалық сараптама жүргізіледі. Сараптама барысында құрғақ заттар, шикі протеин, май, талшықтар мен басқа да көрсеткіштердің құрамын анықтайды.

Шаруа қожалығының басшысы Телжан Машеновтың айтуынша, мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер үшін оқыту семинарларын өткізу өте өзекті және маңызды. Семинардан алған ақпараттың арқасында, фермер қарқынды мал бордақылау жүйесін жетілдіруге ниетті. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары басшыларында ірі қара мал басын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспары бар. Кооперация фермерлерге өнімділікті арттыруға, ауылшаруашылық өнімдерін сату мәселелерін шешуге, сондай-ақ, шаруашылықты ветеринариялық қызметтермен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Семинарға қатысушылардың айтуынша, Агробіліктілік орталығының дәріскерлері таныстырған жем-шөп дайындаудың озық әдістерін тәжірибеде пайдалану, мал бордақылау жұмысының сапасына ықпал ететін болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер