astana-view

Машина жасау саласына маман дайындау

2016 жылғы 08 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
9760 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы машина жасау саласында мамандар дайындау бойынша аймақаралық ынтымақтастық орнатуда

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары шеберлердің, өңіраралық деңгейдегі техникалық мамандандырылған оқытушылардың біліктілігін арттыруда зор үлес қосып келеді. ШҚО және Алматы облыстарының Палата сарапшылары, екі өңірде де дамып отырған сала бойынша біліктілікті арттыру жұмыстарын бірлесіп жүргізуге кірісті.

Осылайша,  Алматы облысының 5 ауданындағы 5 колледждің 6 шебері үшін Шығыс Қазақстан облысының жетекші кәсіпорны «Азия Авто» АҚ-да тәжірибеден өту жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда машина жасау саласы ерекше өркендеп келеді. Зауыт жоба қуатына шыққаннан кейін, қазақстандық машина жасау саласындағы ең ірі кәсіпорын атанады. Жоғары білікті мамандарды қажет ететін жұмыс орындарының саны  да көбейеді.

Тәжірибеден өтушілер оқу барысында құрал-жабдықтармен, машина құрастыру технологиясымен танысып, көліктерді сынақтан өткізу дағдыларын үйренді. Кәсіпорында жетекшілердің тағайындаған жұмыстары, тәжірибеден өтушілерге өнеркәсіптің технологиялық үдерісін жүйелі түрде үйренуіне көмектесті.

«Бүгін мен өз білімімді арттырдым, сондай-ақ автокөліктерді сынақтан өткізу дағдыларын үйрендім. Осы жерден алған білімім маған кәсіби қызметімде, студенттерімді үйретуге септігін тигізеді», – деді Текелі кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері Жарқын Абдулаев.

Екі Өңірлік палатаның адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшылары бірлестік құрудың басқа да салаларын енгізуді қарау керек деп шешті. Сондай-ақ тәжірибеден өтушілер аталған кәсіпорыннан студенттер үшін де осындай өндірістік тәжірибе ұйымдастыруға қызығушылық танытты. Сондай-ақ  жұмысқа орналастыру, дуалды мамандарды дайындау бойынша тәжірибе алмасу талаптарын қойды. Сауалдар көп, мәселелер де жоқ емес, дегенмен, оларды шешу жолы да табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер