astana-view

Орынсыз шығынданбаған жөн

2016 жылғы 15 Қыркүйек
- Ақмола облысы
8787 просмотров

Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Көкаршын Бексұлтанова кәсіпкерлерді қаржысын менеджерлер жалдауға жұмсамауға шақыруда

15 жылдан бері «Келешек-2030» баспа үйін басқарып келе жатқан кәсіпкер кез-келген ұйымның құрылу жолында кездесетін мәселелермен жақсы таныс. Сондықтан біз онымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы үш жылдық тәжірибесі және оның бүгінгі бизнестегі рөлі туралы сұхбат құрдық.

– ҰКП кәсіпкерлердің өмірінде қандай рөл атқарады?

– Бірінші кезекте, Ұлттық палата бизнеске де, жалпы қоғамға да пайдалы заңдарды әзірлеу механизмін реттеді. Өңірлердегі кәсіпкерлердің, түрлі деңгейдегі бизнес өкілдерінің пікірі тыңдалып, нәтижесінде жинақталған мәлеметтер заңдармен жұмыс істейтін адамдарға жетеді. Яғни, мұнда көптеген адам жұмыс істеуде, бүгінде әрбір аз-кем белсенді кәсіпкер өзін сенімді түрде заң шығару процесінің қатысушысы ретінді санауына болады.

Ең бастысы, қорғанымыз бар. Біздің құқықтарымыз бен мүдделерімізді кәсіби мамандар қорғайды.

– Іскер әйелдер кеңесінің бизнесвумен мүшелері Кәсіпкерлер палатасының қолдауын қалай сезінуде?

– Ең алдымен, біз кәсіпкер әйелдердің мәселелерін, неден қиындық көріп отырғандарын анықтап алуға тырысамыз, сосын әрине, шамамыз келгенше көмектесеміз. Біздің басты міндетіміз – жеке  мәселелерді тізе қосып шешу үшін кәсіпкер-әйелдердің басын біріктіру.

– Бизнесвумендерді көбінесе қандай мәселелер мазалайды?

– Менің ойымша, бизнестің (әйелдердің де, ер адамдардың да) мәселесі барлығына ортақ. Көбін жеңілдігі бар қаржыландыру мәселесі толғандырады. Алайда, жеке өз басым бірінші орынға білімнің, базалық заңнамалық басымдықтарды білудің жеткіліксіздігін қояр едім. Өйткені бізде өздігімен қалыптасады. Қаржы қолына тиген кәсіпкер оны жаратудың жолдарын біле бермейді.

Ұлттық палатаның түрлі құралдарының арқасында, соңғы кезде бұл мәселелер белсенді түрде шешілуде. Оған «Іскерлік байланыстарды» да, «Бизнес-кеңесшіні» де, «Бизнес-өсуді» де қосуға болады. Консалтингтік қызметтер көп – бұл дегеніміз бизнеске мықты демеу емес пе! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: кәсіпкерлерге ұсынылып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдаланыңыздар, белсендірек болыңыздар дегім келеді.

– Былайша айтқанда, Палата көмегіне жүгініңіздер дейсіз ғой?

– Иә, Палатаға көмек сұрап барыңыздар! Әр бизнесмен ақша шығындап, шетелден менеджер шақыруға құмар. Бұл өңірлік ресурстарды тарту мен пайдалану мәселесін бірлесе отырып талқылаған болатынбыз.

Палата кәсіпкерлердің сеніміне ие болды деп сеніммен айта аламын. Ал сенім неге негізделеді? Қабылданып жатқан шешімдер мен бастамалардың ашықтығы мен тиімділігіне. Бүгінде Ұлттық палата алдына ауқымды міндеттер қойды, оны шешуге өңірлер белсенді түрде атсалысуда, бизнес пен биліктің мүддесі үшін ортақ алаң құрылды. Біз бұған өз тәжірибемізден көз жеткіздік.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер