astana-view

Ankai маркалы жолаушылар автобусы құрастырылады

2016 жылғы 20 Қыркүйек
- Қостанай облысы
10884 просмотров

«AllurGroup» тобына қарасты «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Ankai маркалы автобустарды шығаратын компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, келісім бойынша, зауыт Ankai GK39 (дизель отынындағы) және Ankai GK39С (CNG) сериялық үлгілеріндегі автобустарды құрастыруды қолға алмақ.  Зауыт ұзындығы  8, 10,5 және 12 метрлік, сыйымдылығы 80 адамды құрайтын қалалық автобустарды құрастырмақ. Бір айта кетерлігі, жолаушылар көлігі  EURO 5 экологиялық талаптарына толығымен сай келеді.

Ankai өндірушілері «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнына өндіріске қатысатын кәсіпорын қызметкерлерін оқыту және нұсқаманы өткізу мақсатында білікті инженерлік және техникалық қызметкерлерді жіберіп үлгерген. Бекітілген келісімшарттың мерзімі мен талаптарына сай, ANHUI ANKAI AUTOMOBILE CO «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-не Кедендік одақ елдеріне өнімді экспорттауға және автобустарды шығаруға айрықша құқық беріп отыр.

Болашақта зауыт шығарылатын автобустар қатарын көбейтпек. Осылайша, қалалық автобустармен қатар, зауыт қалааралық, туристік және мектеп автобустарын шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өнімді сату жұмысымен AllurAuto компаниялар желісі айналыспақ. Автобустар құны – 26 млн теңгені құрап отыр. AllurAuto компаниясы, сондай-ақ, жаңа ыңғайлы құралдар жасаумен, лизинг және автобусты сатып алуға қажет қаржылық жағдайларды жасаумен шұғылданады.

Баспасөз хабарламасында Ankai автобусы осы замандық жоғары технологиямен құрастырылатындығы және автокөлікке қойылатын барлық техникалық стандарттар мен заманауи талаптарға толығымен сай келетіні айтылған. Олардың ішінде, катафорезаны қолдану арқылы коррозияға қарсы өңдеуден өткізу, газбен жүру секілді талаптар да бар. Мұндай көліктер, сәйкесінше, Қазақстан қалаларының экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізбек. Қоғамдық көліктің жаңа үлгісі қолдануға ыңғайлы. Себебі, көлік жылжымалы пандуспен жабдықталған. Бұл өз кезегінде, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың  автобус салонына мінуін жеңілдетпек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер