astana-view

Туризмді табысты салаға айналдыру қажет

2016 жылғы 26 Қыркүйек
8306 просмотров

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Астанада Қазақстан-Қытай туристік форумы өтеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Елордалық туризм қауымдастығымен және Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығымен бірлесе отырып, Қазақстан-Қытай туристік форумын өткізеді.

2017 жылғы Қытайдың Қазақстандағы жылы қарсаңында өткізілетін аталған шара, Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) оқиғалар күнтізбесіне енгізілген.

Форумда келесі мәселелер талқыланатын болады: халықаралық қытай туризмінің болашағы: даму бағыттары мен келешегі; Қытайдан келетін қонақтарды қарсы алудағы халықаралық тәжірибе; Қытайдан Қазақстанға келетін туристер жайы.

Форумға спикерлер ретінде Азия-Тынық мұхиты елдері туристік қауымдастықтарының (PATA), Туристік қалалардың дүниежүзілік федерациясының (WTCF), ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының, Гонконг, Бейжің, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Хайнань және Шаньси провинциялары мемлекеттік туристік органдарының, Қытай туризм академиясының өкілдері және де Қазақстанның мемлекеттік органдары мен бизнес саласының басшылары шақырылған.

Ресейлік мамандар Қытайдан келетін туристік топтарға қызмет көрсету тәжірибесімен бөліседі. Нақтылар болсақ, олар: «Мир без границ» туристік қауымдастығының атқарушы директоры С.Пятихатка, «Интурист» ЖШҰ бас директоры Л.Мармер, «Независимый Гостиничный Альянс» қауымдастықтағының даму жөніндегі директоры, SkyPoint Sheremetyevo қонақ үйінің басшысы К.Артемьев, «Маркетинг, выставки, консалтинг» ЖШҰ сауда-саттық жөніндегі директоры А.Смоляр және China Friendly бағдарламасының үйлестірушісі А.Сибиркина. China Friendly бағдарламасы Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға және Қытай нарығында туристік өнімдері ілгері жылжытуға, сондай-ақ, клиенттер тартып, турбизнес кірісін арттыруға бағытталған.

Шараға қазақстандық туристік бизнестің 200-ден астам кәсіпқой өкілі қатысады деп күтілуде. Одан бөлек, Форумға Елордалық туризм қауымдастығы мен  Air Astana әуе компаниясы өткізетін ақпараттық тур шеңберінде келетін Қытайдың туристік компаниялары қатысады.

Сонымен қатар, Форум аясында Қазақстан, Қытай және Ресейдің туристік ұйымдары мен бизнес өкілдері арасында меморандумдарға қол қойылып, «Мен Қазақстанды жақсы көремін» фотобайқауы қорытындыланады деп жоспарлануда. Байқаудың мақсаты еліміздегі туристік орындарды насихаттау және Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту.

Форумнан Atameken Business Channel сайты - www.abctv.kz арқылы онлайн хабар таратылады.

Форум туралы толық ақпарат пен тіркеу www.tourism-forum.kz сайтында жүргізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер