astana-view

Қытайлықтарға «Қызыл бағдар» қызық болып отыр

2016 жылғы 28 Қыркүйек
9270 просмотров

Коммунизмнің тарихы туралы мұндай турлар қытайлық туристер арасында үлкен сұранысқа ие әрі оны ҚХР үкіметі де қолдап отыр

Қытайдан туристерді тартудың мұндай жолын «Фэнду» туристік компаниясының өкілі Равиль Фарахов ұсынды. Ол бұл туралы пікірін Астанадағы Қазақстан-Қытай туристік форумында айтты.

Аталған туристік оператор коммунизмнің тарихына арналған «Қызыл бағдар» авторларының бірі. Фарахов қазіргі таңда мұндай турлардың Ресейде бар екенін келтірді. «Қызыл бағдар – Қытайдан келетін туристердің шексіз ағыны. Қазіргі таңда біз оны Ресейдің бірнеше қалаларында әзірлеудеміз. Бұл бағдарламаға Қытай үкіметі тарапынан қолдау көрсетіледі. Егер сіздер қызыл бағытты әзірлеп шығатын болсаңыздар, біздің компаниямыз «СКАТ» әуе компаниясынан Қытайдан Қазақстанға қосымша рейстер ашуды сұрар еді. Сонда туристер жыл он екі ай ұша алар еді. «Қызыл бағытты» Қытай жүз пайыз қолдайды», – деді ол.

Туристік фирманың өкілін Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев та қолдады. Оның айтуынша, ондай бағыттың артықшылығы - ол бойынша туризмнің сан түрін іске асыруға болады. «Ойымызға бірден «Атаманның ақыры» фильмі орала кетеді, мұның барлығы біздің өңірімізде болған жайт. Бағытты «Атаманның ақыры» фильмінің ізімен жасауға болады. Оны квест түрінде жасауға болады, яғни турист шытырман оқиғаға қатысқысы келеді. Экотуризмді құп көретіндер үшін, мәдени, тарихи туризмдерді ұнататындар үшін оған ең қажетті дүниелерді қосуға болады», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер