astana-view

«Атамекен» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін 2019 жылға қалдыруды ұсынуда

2016 жылғы 29 Қыркүйек
11767 просмотров

Денсаулық сақтау саласындағы басты идея – медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы ҚР Заңына өзгертулер енгізу туралы заң жобасын әзірлеуде. Онда заңды қолданысқа енгізу мерзімін 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру көзделген. Мерзімді алмастырудағы мақсат – медицина қызметін сатып алушы бірыңғай стретагиялық қор құру және филиалдар мен республикалық деңгейдегі медициналық қызмет шығындарын үйлестіру болып табылады.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы денсаулық сақтау саласындағы реформаны талқылау мақсатында кәсіби қауымдастық пен ірі жұмыс берушілердің қатысуымен бірнеше мәрте қоғамдық кездесулер өткізген еді. Бизнес өкілдері аталған үлгі медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін шешпейінше, тек жұмыс берушілер  (2-5%)  мен  қызметкерлердің (1-2%) қосымша салық төлеуіне әкелетінін жеткізген болатын.

Аталған пікірталастарда денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйе МӘМС (авт. – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) енгізуге қажетті барлық талаптарға сай келмейді деген пікірлер де айтылған болатын. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне қатысушылар арасында on-line байланыс орнатылмаған және пациенттің электронды төлқұжаты да енгізілмеген.

Кәсіпкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар мен банкроттықтан қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардан алынатын әкімшілік жарналар мәселесі де (бүгінгі таңда осындай кәсіпорындардың қызметкерлерге жалақысы бойынша қарызы 950 млн теңгені құрап отыр) өзекті проблемалар қатарында аталып өтті. Сондай-ақ, тұрғындардың аталған санатының МӘМС жүйесіне қол жеткізуі қамтамасыз етілмеген.

МӘМС енгізу жағдайындағы ерікті медициналық сақтандыруды (одан әрі -ЕМС) дамыту мәселесі де өз шешімін таппаған. Бүгінгі күні қызметкерлері қауіпті еңбек жағдайында ауыр, денсаулыққа зиянды жұмыс жасап жүрген  (өте зиянды) не (немесе) (Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, әсіресе, Жаңаөзен, Жезқазған және т.б.) барлық ірі жұмыс беруші компаниялар өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне ЕМС пакетін ұсынады. Бұл ретте, мемлекеттік емдеу мекемелері көрсететін медициналық қызмет тізімі кеңейтіліп, қажетті көлемде жетіспеген қызмет орны толтырылады. 

МӘМС-дың жаңа жүйесін енгізу жұмыс берушіні ай сайын аударымдар жасауына міндеттейді, осылайша, ЕМС қызметі бойынша жұмыс берушілердің сақтандыру қызметіне кететін шығындары екі есеге көбеймек.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған Заң жобасына қатысты өзінің Сараптамалық қорытындысы шеңберінде, МӘМС енгізу мерзімін  2019 жылдың 1 қаңтарына дейін шегеріп, дайындық уақытын беру туралы ұсыныс жолдады. Онда қаражатты аудару процедурасын  ұйымдастыру және оларды жұмсау, жарналар мен аударымдар есебін, дені сау пациенттің электронды төлқұжаты бағдарламасын, МӘМС мен ЕМС ықтимал байланысын, МӘМС жұмысына жекеменшік клиникалар мен ассистанс компаниялардың қатысу тетіктерін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс жасауы қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер