astana-view

Жерді пайдалану құқығы ұзартылды

2016 жылғы 03 Қазан
- Ақмола облысы
6390 просмотров

Облыстық прокуратураның қолдау көрсетуінің арқасында Өңірлік палата кәсіпкердің жерді пайдалану құқығын ұзартуға қол жеткізді

Қала әкімдігінің тиісті бөлімі бұл мәселенің шешімін бір жарым жылға созып жіберген еді.

Магомед Чапановға Көкшетаудан ағаш тілетін цех ашу үшін жер телімі қажет болды. 2014 жылы 20 жастағы жас кәсіпкер қала әкімдігіне өтінішпен кірді. 2015 жылдың қаңтар айында бір жыл мерзімге жер үлесі берілді, алайда мемлекеттік органдағылар жерді жалға алу мерзімін тағы 5 жылға ұзарту үшін, мерзім аяқталғанға дейін үш ай қалғанда тиісті өтінішпен қайта келуін ескерткен.

Кәсіпкер батпақты жерде орналасқан жерді игеріп, Ресейден шикізат та алып келді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 20 млн теңге несие алды. Оның бір миллионнан астамын жер телімін пайдалануға дайындауға жұмсады. Онымен қоса, Магомед Чапанов 3,5 млн теңгедей болатын өз қаражатын да салды. 

2015 жылдың қараша айында мерзім аяқталуға үш ай қалғанда Чапанов жер қатынастарының қалалық бөліміне өтініш жазды. Алайда, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жоқ деген желеумен ол жақтағылар жерді пайдалану мерзімін ұзартудан бас тартты.

Мемлекеттік органға бірнеше мәрте барса да, ешбір нәтиже болмады. Осы уақыт аралығында сатып алынған арнайы техника мен шикізат тұрып қалды.

«Қаншама уақыт жоғалттым, оның үстіне есеп айырысуым қажет болды. Мұндай қарым-қатынасты көрген соң, істің оң шешілетініне күмәндана бастадым. Өңірлік палатаға бар деп кеңес бергенге дейін менің кәсіпкерлікке деген құлшынысым біртіндеп сөне бастаған еді. Ол жақта мені тыңдап қана қоймай, арызбен жұмысты қолға алды. Үш күннен кейін-ақ менің мәселемді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысына шығарды», – дейді бизнесмен.

«Ұзаққа созылған пікірталастан кейін, Кеңеске қатысушылар жер қатынастарының қалалық бөліміне қатысты қарар қабылдады. Ол бойынша «Чапанов М.О.» жеке кәсіпкерлігіне қатысты құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін қызметтік тексеріс жүргізу ұйғарылды. Кезекті отырыстардың бірінде жер комиссиясы жалға беру мерзімін үш жылға ұзарту туралы шешім қабылдады», – дейді ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Валентин Геращенко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер