astana-view

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының жаңа деңгейі

2016 жылғы 04 Қазан
6876 просмотров

Астанада «Еуразиялық кеңістіктің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтамақтастық форумы өтіп жатыр.

Шараның аясында Қазақстан және Ресейдің бизнес-форумы өтеді. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, сондай-ақ қос елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік органдарының және жекеменшік ірі компаниялардың 1300-ден астам өкілдері қатысады. Форумда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Металлоинвест» БК» ЖШҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «KAZNEX INVEST» АҚ, «Российский экспортный центр» АҚ, «МКХ «Еврохим» АҚ, «Европейская подшипниковая компания» АҚ, «ПИТ» автономды кластерлі қорының, «Интерскол» АҚ және т.б. компаниялардың өкілдері баяндама жасайды.

«KAZNEX INVEST» АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, форум барысында жалпы сомасы 3 млрд АҚШ доллары болатын 56 екіжақты құжатқа қол қойылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер