astana-view

Электр энергетикасы: тиімдісі қайсы?

2016 жылғы 07 Қазан
11434 просмотров

Бизнеске ауыртпалығын тигізбес үшін энергетикалық компаниялардың қызметтеріне қойылатын біліктілік талаптары біртіндеп енгізілетін болды

Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы Энергетика комитетінің 9-шы отырысында ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мәселелеріне қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, яғни, өңірлердегі жарық беру қызметтерінің тарифін теңестіру мақсатын көздеген Ұлт жоспарының 51-қадамы аясындағы өңірлік электр желілері компанияларын күшейтуге қатысты заң жобасын талқылай отырып, ол өңірлік энергетикалық компанияларды күшейтудің механизмі ретіндегі лицензиялауды уәкілетті органдар мен ҚР Үкіметі қолдамағанын айтты. Осыған байланысты энергия беруші ұйымдардың қызметіне қойылатын кейбір біліктілік талаптарын заң деңгейінде жазу туралы шешім қабылданған.

«Кейін бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу үшін өңірлерге қайтадан сұраулар жібердік. Энергия беретін компаниялардан алынған қосымша сауалнама біздің ұсынылған біліктілік талаптарына дайын екенімізді, бірақ энергия беруші ұйымдарда мамандандырылған өндірістік ғимарат, жөндеу-өндірістік базасы және технологиялық құрал-жабдық және электр энергиясын беру қызметі бойынша тұтынушыларға арналған тіркелген телефон нөмірі болу керек деген талаптарды алып тастау керек екенін көрсетті. Қалған біліктілік талаптарын енгізуге келер болсақ, бизнеске әсерін қатты тигізбес үшін оларды нақты уақыт аралығын сақтай отырып, кезең-кезеңімен енгізу ұсынылуда», – деп мәлімдеді Бауыржан Сәрсенов.

Әңгіме төрт біліктілік талабы төңірегінде болып тұр. Біріншісі – диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы. Заң жобасы мақұлданған жағдайда, 2018 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей енгізіледі. Екінші – электр желілерін, құрал-жабдықтарды, механизмдерді,  пайдалануға беруді және техникалық қызмет көрсетуді, еңбек қауіпсіздігі мен техникалық қауіпсіздікті жүзеге асыратын, оқытылған және аттестациядан өткен, жеке және ұжымдық қорғаумен, арнайы киіммен, құралдармен және аспаптармен қамтамасыз етілген қызметкерлерден жасақталған қызметтің болуы. Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей енгізіледі. Үшінші – жүйелік қызметтерді көрсету үшін жүйелік операторлармен жасалған шарттардың болуы. Оны 2020 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей енгізу ұсынылуда. Төртінші – жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияларында орнатылған жүйелермен үйлестірілген автоматтандырылған коммерциялық есептеу жүйесінің, телекоммуникациялар жүйесінің болуы, оны 2020 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей енгізу жоспарлануда.

Энергия беруші компаниялардың қызметтеріне айқын талаптар енгізу осы салада теңдей бәсекелік орта құруға мүмкіндік береді және ең бастысы, электр энегриясын бірнеше энергия беруші ұйымдар арқылы жеткізу барысында соңғы тұтынушы үшін тарифтерді каскадты арттыруды жою есебінен түрлі тарифтерді деңгейлестіруге көмектеседі.

Энергиямен жабдықтау компанияларының өңірлік электр желілік ұйымдармен бірігуіне қатысты Бауыржан Сәрсенов Үкімет пен Энергетика министрлігінің пікірлеріне сүйене отырып, бұл шараны жүзеге асырудың дәл қазіргі уақытта мүмкін еместігін атап өтті.

«Объективті себептер бар. Біріншіден, егер энергия беруші компаниялардың санын алып қарастырар болсақ, олардың саны қазір 160, ал энергиямен жабдықтау компанияларының саны – 239. Салмағы жағынан да сәйкес келмейтін екі затты біріктіру мүмкін емес. Ең алдымен, біз энергия беруші компаниялардың санын қалай қысқартуға болатындығы жайында ойлануымыз керек. Біздің министрліктің пікірінше, бір облыстың аумағындағы ондай компаниялар 2-3-тен аспауы керек. Энергиямен жабдықтау ұйымдарының саны да бір өңірде 2-3-ке теңескен жағдайда ғана функцияларды беру туралы мәселені көтеруге болады. Біздің үніміз ҰКП-ға жеткенін, оы мәселені оның қолдағанын қалаймыз», – деді Энергетика министрлігінен келген өкіл.

Энергетика комитетінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев министрліктің ұстанымын қолдады.

«Иесіз желілерге, өңірлік электр компанияларына, экономиканы  реттеу моделіне қатысты бір тоқтамға келіп, институционалдық қана емес, құқықтық база құруымыз қажет. Осы шешімдерге қарай келесі қадамды жасауымыз керек», – деп атап өтті ол.

Жалпы алғанда, ескертулерді ескере отырып, заң жобасының осы жылдың 20 қазанынан кешіктірмей Үкіметтің, қараша айынан кешіктірмей Парламенттің мақұлдауына жіберілетіндігі айтылды.

ҚР ҰКП басқарушы директоры Евгений Больгерт 51-қадамды орындау шеңберінде ҚР ҰКП-ның коммуналдық жекеменшіктердегі электр желілік компанияларды, иесіз электрлік желілерді қайтадан құрылған сенімгерлік басқаруға немесе өңірлік электр желілік компаниялардың пайдалануына беру туралы мәселені қолдайтындығын айтты. ҚР ҰКП электр энергиясын беру қызметтерін жүзеге асырып жатқан ұйымдарға енгізіліп жатқан біліктілік талаптары 2012 жылғы лицензиялауды алып тастауға дейінгі талаптардан қатаң болмау керек деп есептейді.

Осыған қоса отырыста электрмен қамту және энергияның қайта қалпына келетін көздерін дамыту мақсатында электр энергиясын сату бағасын реттеу мәселесі де талқыға салынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер