astana-view

Қазақстанның үздік сауда кәсіпорындары анықталды

2016 жылғы 10 Қазан
16160 просмотров

Шымкентте Қазақстанның үздік сауда кәсіпорнын анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Сауда үздігі-2016» республикалық байқауы мәресіне жетті

Байқау «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Шараны алғаш рет 2002 жылы ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырған және сауда кәсіпорындары үшін жоғары баға болып саналады. Оның  мақсаты – сауда кәсіпорындарының табысты тәжірибелерін анықтау және тарату, жағымды имиджін қалыптастыру, сауда қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен беделін арттыру, сауда саласында көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру. Сонымен  бірге, өз жұмысы барысында инновациялық тәсілдерді қолданатын ұйымдарды анықтау.

Байқауға республика аумағында қызмет етіп келе жатқан, түрлі мақсаттағы және меншіктегі сауда орындары қатысты.

Сонымен бірге, өткізілген байқау аясында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары Нұржан Әлтаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел тақырыбы агробизнес саласы, оның ішінде отандық ауылшаруашылық өткізу нарықтарына қол жеткізу және фермерлердің бірігу қажеттілігі мәселелеріне арналды. Сатып алудың, қайта өңдеу және ауылшаруашылық өнімдерін өткізудің  біріктірілген жүйесін құру және дамыту қажет екені де айтылды.

Сонымен, «Сауда үздігі-2016» республикалық байқауының жеңімпаздары мыналар:

Қазақстанда жекелеп сату бойынша үздік деп танылғандар:

1-орын –«Ас-МАР вкусный дом»ЖШС,Қаскелең қ., Алматы облысы

2-орын –«Анвар»ЖШС,Ақтөбе қ.

3-орын –ПФК «Атриум» ЖШС, Павлодар қ.  

Көтерме сауда бойынша үздік деп танылғандар:

1-орын–«Беркут»ЖШС,Райымбек ауданы, Алматы облысы

2-орын–«Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС,Алматы қ.

3-орын –«Анвар» ЖШС, Ақтөбе қ.

Үздік сауда базары

1-орын –«Алтай» базары, Ақтөбе қ.

1-орын – «Қуаныш» ЖШС базары, Түркістан, ОҚО

2-орын –«Шығыс» базары, Ақтөбе қ.

2-орын–«Дина» СӨКЖШС, Атырау қ.

3-орын –«Орталық базар» ЖШС, Ақтөбе қ.

3-орын – «Әбдіманап» ЖШС, Қызылорда облысы.

Үздік СОО (Сауда ойын-сауық орталығы), СҮ, кешен,СОО (Спорт-ойын-сауық орталығы)

1-орын – «Рахмет» әкімшілік сауда орталығы, Петропавловск қ, СҚО

1-орын –«BatyrMall» СОО, Павлодар қ.

2 -орын – «Арай» ЖШССОО, «Нұрназар»

2-орын – ЖК Бектұровтың «Швейцария» СОО, Алматы облысы, Текелі қ.

3-орын – «Жансая» СҮ, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Үздік жол бойы қызметі

1-орын – «Лидер» ЖШС, Ақтөбе қ.

2-орын – «Жетысу» кешені, Алматы облысы, Ескелді ауданы

2-орын – «Азалия» мейрамханасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы

3-орын –«Кәусар» мейрамханасы, Алматы облысы, Талғар ауданы

Үздік шетелдік компания

1-орын – «Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС, Алматы қ.

2-орын – «Keryenplus» ЖШС, Талғар қ.,Алматы облысы

Үздік демалыс орны

1-орын – «Тілебай - баба» ЖШС, Тараз қ, Жамбыл облысы

Жылдың үздік басшысы

1-орын – Әбішева Шолпан Қалмұхаммедқызы, «Бамбарбия Кергуду» мейрамханасының директоры, Алматы облысы

1-орын – Ли Агафья Дюн-Хаковна, «Лад» ЖК, Алматы облысы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер