astana-view

Германия журналистері «Атамекенде» болды

2016 жылғы 12 Қазан
7281 просмотров

Германияның алдыңғы қатарлы басылымдарының өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығымен сұхбаттасты

Қазақстанда кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі және ҰКП елдегі бизнестің дамуына қалай ықпал етеді – осы және өзге де сауалдарды неміс тілшілері «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотановпен болған кездесуде қойды.

ҰКП басшыларымен сұхбаттасу бейресми түрде, шәй ішу барысында өтті.  Тілшілер Қазақстанда елдің экономикалық жағдайын зерттеу және республика тұрақты түрде дамып келе жатқан елдер санатына жататынына көз жеткізу мақсатында келгендіктерін жеткізді.

Төлеміс Шотанов неміс баспасөзі өкілдеріне Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылу тарихы, құрылымы мен қызметі туралы айтып берді. Ол, Ұлттық палата заңға сәйкес, елдің барлық бизнес-ортасын біріктіретінін атап өтті. Сондай-ақ, ҰКП 120 салалық қауымдастықтың аккредиттеуден өткенін хабарлады.

«Бүгінгі күні Қазақстан Doing Business халықаралық рейтингісінде 49-шы орында тұр. Біз неміс компанияларымен тығыз қарым-қатынас жасаймыз, дәлірек айтсақ, Германияның ең ірі «Дойче банн» холдингісімен жұмыс істейміз. Қазақстан кәсіпкерлері атынан, Германиямен ынтымақтастықты дамытуға және шетелдік инвестиция тартуға қызығушылық танытанымызды жеткізгім келеді»,  –деп атап өтті Төлеміс Шотанов.

Бизнестегі басым бағыттар туралы сауалға жауап берген Басқарма Төрағасының орынбасары, ел билігі де, кәсіпкерлер де ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі екенін айтты.

«Біздің ел экологиялық таза өнім өндіруге дайын. Мемлекет агроөнеркәсіп кешенімен айналысатын кәсіпкерлерге қомақты субсидия  ұсынады. Ал, әлемдік Қытай, Ресей сынды ірі нарықпен көрші болуымыз бізге үлкен мүмкіндіктер ашады», – деді Төлеміс Шотанов.

Тілшілер бизнес-қауымдастық халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуден не күтетіні туралы да сөз қозғады. Төлеміс Шотанов, ең алдымен, қазақстандық кәсіпкерлер Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында жеткен жетістіктерін паш етіп, олардың бүкіл әлеммен іскерлік байланыстар орнатуға дайын екенін әңгімеледі.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары адам капиталын дамытуға, дуальды білім беру жүйесін қалыптастыруға, қолайлы бизнес-климат құруға және өңірлерде шағын несиелеуге қатысты жобалардың стратегиялық маңызына тоқталды.

«Біреулер Қазақстанда бірінші рет болып отыр, ал енді біріміз бұрын болған да шығармыз. Бірақ, жалпы біз көргенімізден көп әсер алдық. Осыдан екі күн бұрын Алматыда болдық. Бізге өте қатты ұнады. Астана жаңа ғимараттардың көп болуымен таң қалдырды. Себебі, Германияда көне ғимараттар көп қой. Қала сәулетінің әркелкілігі мен климаты таң қалдырды», – деп өз әсерімен бөлісті BILD және Die WELT газетінің тілшісі Кнут Теске.

Сапар нәтижесі бойынша, БАҚ өкілдері Германия халқының Қазақстан туралы танымын кеңейту мақсатында, материалдар топтамасын жарияламақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер