astana-view

Шетелде тағылымдамадан өтеді

2016 жылғы 18 Қазан
- Қарағанды облысы
11058 просмотров

Жақында жергілікті кәсіпкерлер тегін бизнес-тағылымдамадан өту үшін шетелге аттанбақ. Сондай-ақ, кәсіпкерлер сапар барысында ондағы әріптестерімен іскерлік байланыстар орнатуды көздеп отыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша облыстың 64 шағын және орта кәсіпорын жетекшілері кәсіпкерлік курстарын оқуда. Еліміздің үздік тәлімгерлері кәсіпкерлерді басқару құзыреті мен ішкі экономикалық байланыстар саласы бойынша білім беріп жатыр. Қазақстан бойынша жоба аясында барлығы 600 кәсіпкер оқытылмақ.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы жыл басынан бастап жобаға қатысатын шағын және орта бизнес субъектілері арасында іріктеу жүргізген еді. Экономиканың басым бағыттарында қызмет етіп келе жатқан кәсіпорындар «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту және қолдау көрсетудің бірыңғай бағдарламасы бойынша өндіріс көлемін ұлғайта алады. Бұл мақсатта  кәсіпкерлерге халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату қажет. 

Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқыту ел ішінде өткізіледі. Оқытудың екінші аптасында елдің үздік университеттерінің жетекші профессорлары мен үздік басқарушылар Қарағанды облысынан қатысушыларға дәрістер оқиды. Бизнес-тренингтер барысында олар, кәсіпорындарды дамытуға  қажет бизнес-жоспар жасауға қатысты білім алып, тәжірибе жинамақ.

Оқыту үш модуль бойынша жүреді:

Бірінша апта – «Басқару құзыреті».

Екінші апта – «Ішкі экономикалық байланыстар саласындағы құзырет».

Үшінші және төртінші апта – онлайн-семинарлар мен кеңестер.

Оқыту аяқталған соң, қатысушылар екінші кезеңге өтеді. Онда 600 кәсіпкердің 50-і шетелге тегін тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуге аттанбақ.

Кәсіпкерлер палатасының облыстағы кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Жақсылық Ахметбеков қатысушыларға тек бір ғана талап қойылады дейді. Ол – қатысушы лауазымы басшының орынбасарынан төмен болмауы тиіс.

«Кәсіпорындағы өзгерістер менеджменттегі басқару сапасына тікелей байланысты болып келеді. Дәл осы жетекшілер ғана компания саясатын іске асыра алады, яғни бизнес процестерді ынталандырып, демеу көрсете алады. Біздің өңір үшін, жетекшінің біліктілігін арттыру мәселесі тіптен өзекті. Себебі, қазір елде импорт орнын толтырып, отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету бағыты қолға алынды. Дәл осы бағыттар бойынша Палата кәсіпкерлер арасында «идеологиялық» жұмыстар жасап жатыр», – деп атап өтті ол.

Ж.Ахметбеков бизнесмендердің шығындарын Үкімет көтеретінін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер