astana-view

Кәсіпкерлікке – мектеп жасынан

2016 жылғы 24 Қазан
- Қызылорда облысы
9679 просмотров

Облыс мектептерінде балалар кәсіпкерлік негіздерін оқып жатыр

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының, облыстық Білім басқармасы мен «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының бірлескен жұмысының нәтижелерінің бірі – 2016-2017 оқу жылында облыстың 40 мектебіндегі 5-10 сыныптар бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» факультативті пәнінің енгізілуі болды.

Бұған Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында пилотты жоба аясында атқарылған жұмыстар түрткі болды. Аталған оқу орнына 2014 жылдан бері жаңа оқу пәні енгізілген-ді. Өзге мектептердегі мұғалімдерді әдістемелік даярлау мақсатында 2015 жылдан бастап Палата түрлі оқыту семинарларын, біліктілікті дамыту курстарын, бизнес-идеялар жәрмеңкелерін, аукциондар өткізіп келеді.

Облыс мұғалімдеріне арналған Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әдістемелік кабинет ұйымдастырған семинар «Кәсіпкерлік негіздері» факультативті пәнін оқытудағы әдістемелердің ерекшеліктері» тақырыбында өтті.

Семинарда түйітілді мәселелер талқыланып, шеберлік сағаттары мен іскерлік ойындар өткізілді. ӨКП мамандары мен «Даму» қорының мамандары семинарға қатысушыларға пайдалы ақпараттар берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер