«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Алматы бояулары» ЖШС
Алматы облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік көрме-байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша I дәрежелі дипломант
Кәсіпорын республика бойынша температуралық ауытқуларға төзімді әрі түнгі уақытта, кез келген ауа райы жағдайларында көзге көрінетін, жол-белгілеу бояуларын шығаратын жетекші өндіріс орны болып саналады. ЖШС жылына халықаралық сапа стандарттарына сай келетін және жаңа технологиялармен жасалған 20 мың тоннадан астам өнім өндіреді. Компания штатында барлығы 50 қызметкер жұмыс істейді. Олардың басым бөлігін Беларусь, Қытай, Ресей зауыттарында тәжірибе жинаған жастар құрайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: