astana-view

ЕАЭО аясында дәрілік заттардың ортақ нарығы әлі ашылмады

2016 жылғы 02 Қараша
11076 просмотров

2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге сәйкес, емдік дәрі-дәрмектердің бірыңғай нарығын құру жоспарланған болатын. Бұл нарық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы керек еді

Дәрілік заттардың ортақ нарығы дегеніміз – ЕАЭО-ның фармацевтикалық стандарттарына (зертханалық, өндірістік, клиникалық, фармакологиялық бақылау және басқа) және тіркеу мен сараптаудың бірегей ережелеріне сай тіркелген емдік дәрі-дәрмектердің Одақ аясындағы еркін қозғалысы.

Сондай-ақ фармацевтикалық нарықтың өзіндік ерекшелігін де ескеру керек. Мысалы, қайсыбір препарат өндірісі техникалық және технологиялық қырларынан бөлек, патенттік құқық иелену мәселелеріне байланысты болады және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ұлттық қауіпсіздік сияқты салаларды да айналып өтпейді.

Сәйкесінше, ортақ нарықтың қызметі үшін құқықтық «іргетастың» қалануы осы жолдағы алғашқы қадамның біріне айналды.

2014 жылдың соңында ортақ нарықтағы дәрілік заттар айналымының бірыңғай  қағидалары мен ережелері қарастырылған келісімге қол қойылды. Алайда бұл келісімнің өзі болашақ ортақ нарықтың қызметіндегі барлық құқықтық кемшіліктердің орнын толтыра алмайды. Сөйтіп, мәселені реттеу үшін 19 шешім жобасы қолға алынды. Олар өз қатысушыларының өзара әрекеттестік мәселелерін толықтыруға бағытталған.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың айтуынша, реттеу бағыттарын ескере отырып, шешімдер жобасын 4 бөлімге біріктіруге болады:

– дәрілік затқа қойылар (әрі қарай – ДЗ) талаптарды анықтайтын, өз ішіне ДЗ-дың медициналық қолданылуы үшін тіркеу және талдау ережелерін, тіркелген ДЗ реестрін қалыптастыру және жүргізу ережелерін қамтитын ортақ құжаттар;

– тіркелгенге және нарықтағы айналым процесіне дейінгі ДЗ қауіпсіздігін бағалау мәселелерін анықтайтын қауіпсіздік жөніндегі құжаттар;

– Емдік дәрілік заттардың тиімділігін бағалау жəне дəлелдеу үшін пайдаланылатын тиімділік жөніндегі құжаттар;

 – сапа құжаттары.

Алайда, нормативті базаны мақұлдау жұмыстарының бұдан кейінгі барысы кенеттен күрделене түсті. Бұған себеп, ресейлік тараптың бастамасы бойынша жасалған қосымша құжат жобасы болып отыр. Ол құжат ДЗ-ны өзара алмастыруды анықтау процедурасы кезінде Одаққа мүше мемлекеттің құқығын қарастырады. Бұл осы мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ресейлік заңнамаға сәйкес дәрілік заттарды өзара алмастыру деген түсінік бір дәрі-дәрмектің орнын екіншісімен алмастыру дегенді білдіреді. Олардың фармацевтикалық сипаттамасы, сапасы мен саны, дәрілік формасы, қолданылуы мен өлшемдері ұқсас болуы керек.

Басқаша айтқанда, емдік дәрі-дәрмектер байқауына ұқсас дәрілік заттар өндірушілердің қатыстыра отырып, қатысушыларды алаламауы қажет.

ДЗ-ны өзара алмастыру жөніндегі шешім жобасы, Одақ дәрілік заттарының ортақ нарығын іске қосу кезінде кедергілерге тап болды. Оған себеп,  ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер одан мүлдем бас тартты. Олар ресейлік тарап жүзеге асырған бұл процедураны енгізу Ресей Федерациясының фармацевтикалық нарығына енуге шектеу болады деп санайды.

Сонымен қатар, осындай шектеулер Одақ құқығында болды деген күннің өзінде ЕАЭО дәрілік заттарының ортақ нарығының қызмет ету қағидаларына күмәнмен қарауға негіз бар.

Өз кезегінде, Палата ресейлік тараптың  бұл бастамасына алаңдаушылық білдіріп отыр және өзара алмастыру процедурасынан дәрілік заттардың Ресей нарығына шығуына шектей қойылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бір жыл бойына созылған кез келген интеграциялық процесс сияқты Одақ аясында дәрілік заттардың ортақ нарығын ашу үшін жасалған жұмыстар өндірісті жаңа нәтижеге жеткізуі тиіс.

Сонымен бірге кәсіпкерлердің шығыны Ресей Федерациясының фармацевтикалық нарығына шығу арқылы өтелуі керек еді. Оның қаржылық көлемі қазақстандық дәрілік заттар нарығынан 10 есе артық.

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаменті қазақстандық кәсіпкерлер шығаратын дәрі-дәрмектерді Ресей Федерациясының фармацевтикалық нарығына шығару мүмкіндіктері бойынша сараптама өткізген болатын.

Сараптамаға сәйкес, 2015 жылы Ресейдің дәрілік заттар нарығының көлемі 19,8 млрд АҚШ долларын құрады. Ол кезде ҚР нарығының көлемі 1,8 млрд АҚШ долларына тең болған еді. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда өндірілетін емдік дәрі-дәрмектердің жалпы номенклатурасының (500-ден аса түпнұсқа дәрі-дәрмектер) тек 10-ы ғана Ресей Федерациясында тіркелген. Тіркелген дәрілердің бірде-біреуі РФ мемлекеттік сатып алу нарығына қатыспайды. Ал ресейлік емдік дәрі-дәрмектер керісінше ҚР мемлекеттік сатып алу нарығының 25%-ын және коммерциялық нарықтың 9%-ын құрайды.

Қазақстанда өндірілетін дәрілік заттар инновациялық сипатқа ие емес екенін және мемлекеттік бюджеттен сатып алынатын «әлеуметтік қоржын» дәрілері  саналатынын ескере отырып, Ресей Федерациясы дәрілік заттарының мемлекеттік сатып алу нарығына өтуіне қолдан кедергілер жасау арқылы отандық өндірушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшырауы мүмкін.

«Сол себептен де, қазақстандық бизнес дәрілік заттардың ортақ нарығын құру жөніндегі жұмыстарға қатысты. Өз мүмкіндіктерімізді бағалай отырып, бірінші кезекте біздің кәсіпкерлерге ЕАЭО-қа мүше елдердің мемлекеттік сатып алу нарығы қажет екенін түсінеміз», – деді Дана Жүнісова.

Палата сарапшыларының көзқарасы бойынша, Одақ – теңдей негізде құрылған бірдей мүмкіндіктер ұйымы. Осыған байланысты, кейбір қатысушылар басқа одақтастардың беделін түсіру мүмкіндігіне ие болса, басқа ойыншылар қорғанудың ұқсас құралдарын пайдалана білуі керек.

Дана Жүнісованың пікірінше, ортақ нарықтағы мұндай қолбайлаулар интеграцияға және дәрілік заттардың айналымына деген күмәнді туғызады.

ЕАЭО дәрілік заттарының ортақ нарығын құру осылайша созылып кетті. Палата Одақтың ішкі нарығына кіруге тыйым салуға мүмкіндік беретін әкімшілік құралдар тұрғанда, оны ресми түрде іске қосу мүмкін емес деп санайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер