astana-view

7 қарашада облыста «Заң және кәсіпкер» акциясы басталады

2016 жылғы 03 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
11549 просмотров

Кәсіпкерлерге қолданыстағы заң ережелері түсіндіріледі

Екі апта бойы Кәсіпкерлер палатасы, облыс прокуратурасы, мемлекеттік органдар, даму институттары мен табиғи монополиялар субъектілері, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары мен сот, мемлекеттік тергеу және бақылау органдары өкілдері түрлі салаларда қызмет етіп келе жатқан кәсіпкерлердің мәселелерін талқылап, қолданыстағы заң ережелерін түсіндіретін болады. Акция қорытындысы кәсіпкерлер құқығын қорғау туралы заңды сақтау мәселелері бойынша прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында белгілі болады деп күтілуде.

«ЗАҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕР» АКЦИЯСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

I. Базарларда қызмет етіп келе жатқан тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

7 қараша 2016 жыл (дүйсенбі, 10.00-13.00; 15.00-17.00):

«Заречный» базарында қызмет етіп жүрген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

8 қараша 2016 жыл (сейсенбі, 10.00-13.00; 15.00-17.00):

«Орталық», «Заңғар», «Еуразия», «Жазира», «Ануара» базарларында қызмет етіп жүрген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

9 қараша 2016 жыләрсенбі, 10.00-13.00; 15.00-17.00):

«Дос-Нар» базарында қызмет етіп жүрген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

10 қараша 2016 жыл (бейсенбі, 10.00-13.00):

«Фреш маркет» базарында қызмет етіп жүрген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Базарда жұмыс жасайтын топ құрамы:

1. Облыс прокуратурасы

2. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

3. ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті

4. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

5. ШҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті

6. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы  

7. ШҚО Ішкі істер департаменті

II. Жеке жүк тасу; ірі габаритті жүк тасымалдау қызметін көрсету; сондай-ақ, жүк тиеу қызметін ұсынатын тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Мақсаты: жұмысқа тұруда қиындықтар орын алған жағдайда (жүк тасу қызметін ұсынушы тұлғалар) мемлекеттік кірістер органдары есебіне тұруға қарсылық білдіру себептерін анықтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарына есепке тұруға ықпал ету. 

11 қараша 2016 жыл (жұма, бір күн бойы):

Абай даңғылы бойындағы (жеке жүк тасу) автовокзал аумағы, Айналма шоссе ауданы (ауыр жүк автокөліктері),  Өскемен қаласының Буров көшесі бойындағы вокзал аумағы (жүк тасу қызметін ұсынушы тұлғалар)

Көшпелі жедел топ құрамы:

1.Өскемен қаласы Прокуратурасы

2. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

3. Өскемен қаласы ІІБ

4. ШҚО Мемлекеттің кірістер департаменті

5. ШҚО көлік бақылау инспекциясы

6. ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы (жүк тиеу қызметін ұсынушы тұлғалар)

III. Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар, даму институттары мен табиғи монополиялар субъектілері өкілдерімен кездесуі

Кәсіпкерлердің даму институттары өкілдерімен кездесуі

14 қараша 2016 жыл (дүйсенбі, 10.00-12.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

1. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО бойынша филиалы

2. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ШҚО бойынша филиалы                            

3. «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету» АҚ ШҚО бойынша филиалы

4. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының ШҚО бойынша өңірлік филиалы

Кәсіпкерлердің антимонополиялық органдар, табиғи монополиялар субъектілерімен кездесуі

14 қараша 2016 жыл (дүйсенбі, 15.00-17.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

1. ҚР Табиғи монополиялар және бәсекені қорғау бойынша агенттігінің ШҚО бойынша департаменті
2. «Өскемен су арнасы» МКК                                       
3. «Жылу желісі УК» АҚ                        
4. «ШҚ ӨЭК» АҚ                                          
5. «Шыгысэнерготрейд» ЖШС                    
6. «Қазақтелеком» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша телекоммуникация дирекциясы филиалы 
 

Кәсіпкерлердің атқарушы органдары өкілдерімен кездесуі

15 қараша 2016 жыл (сейсенбі, 10.00-12.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

1.     ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
2.     ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
3.     ШҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы
4.     ШҚО Жер қатынастары басқармасы        
5.     ШҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
6.     ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы
7.     ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы
8.     ШҚО Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
9.     ШҚО Ветеренария басқармасы
10.   ШҚО Жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасы
11.   ШҚО Мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық жекеменшік басқармасы
 

Кәсіпкерлердің сот және құқық қорғау органдарымен кездесуі

16 қараша 2016 жыләрсенбі, 10.00-12.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

1.     ШҚО МКД Экономикалық тергеу қызметі

2.     ШҚО Ішкі істер департаменті

3.     ШҚО Әділет департаменті (сот актілерінің орындалуы)  

4.     Шығыс Қазақстан облыстық соты 

Кәсіпкерлердің мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары өкілдерімен кездесуі

16 қараша 2016 жыләрсенбі, 15.00-17.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

1.     ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті
2.     ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті
3.     ШҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті
4.     ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚ облыстық аумақтық инспекциясы     
5.     ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік басқару инспекциясының аумақтық инспекциясы        
6.     ҚР Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті
7.     Ертіс су ресурстарын сақтау және пайдалануды реттеу бассейіндік инспекциясы                                          
8.     ШҚ Көлік бақылау  инспекциясы
9.     Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ШҚ облысы бойынша департаменті
10.    ШҚО орман және аң аулау шаруашылығы бойынша аумақтық инспекциясы
11.    ШҚО Экология департаменті
12.    Техникалық бақылау және метрология комитетінің ШҚО бойынша  департаменті
 
IV. «Қазақстан Өскемен» телеарнасындағы теледебаттар

18 қараша 2016 жыл (жұма, 18.00-19.00)

Теледебатқа қатысушылар тізімі:

1.     ШҚО Прокуратурасы
2.     ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті
3.     ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті                                                   
4.     ШҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті
5.     ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
6.     ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
 

V. Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі

22 қараша 2016 жыл , өтетін орны: облыс  прокуратурасы

VI. Кәсіпкерлер құқығын қорғау туралы заң ережелерін сақтау жөнінде прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы.

25 қараша 2016 жыл (жұма), өтетін орны: облыс прокуратурасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер