astana-view

Авторлық құқықты бұзбағанға, айыппұл да салынбайды

2016 жылғы 07 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
8046 просмотров

Авторлық құқықты бұзбай  кәсіпкерлікпен қалай айналысуға болады? Шал ақын ауданының бизнесмендері осы тақырыпты талқылады

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтыны белгілі. Осы жазда Шал ақын ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері авторлық құқықты бұзуға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды. «Авторлық құқық» туралы заңды түсіндіру мақсатында Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында бизнесмендер мен әділет басқармасының басшылары арасында кездесу ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің барысында көптеген кәсіпкерлер бұл заңнан хабары жоқ екені, соның салдарынан заңбұзушылық орын алуы ықтимал негізгі баптарды да білмейтіні белгілі болды. Әділет органдары кәсіпкерлерге заңбұзушылық орын алмауы үшін, тауар жеткізушіден қандай құжат талап ету керектігін түсіндірді. Ендігі кезде қажетсіз айыппұл салдырмас үшін кәсіпкерлердің жағдайы тіптен жеңілдейтін болды. Заңға қатысты кез келген сауал туындай қалса, олар Әділет басқармасында жаңадан ашылған «бизнес субъектілеріне арналған көмек кабинетіне» жүгіне алады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер