astana-view

«Атамекен» көмір сатылымына қатысты тендерден бас тартуға шақырады

2016 жылғы 08 Қараша
7817 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көмірді тікелей сатып алуға болады, деп есептейді

Ең өтімді тауарлардың бірі – көмірді, бюджет қаражатын үнемдей отырып, әкімдіктер тікелей сатып алса болады. «Көмірдің негізгі тұтынушылары – коммуналдық кәсіпорындар. Көмір өндірушілер мен әкімдіктер арасындағы тендер өткізуші делделдар өнім бағасын екі есе өсіріп жібереді. Мұны қарапайым тәсілді қолданып, шешуге мүмкіндік бар. Егер көмір биржалық тауар болса, онда әкімдіктен көмірді тендерсіз сатып алып, сол арқылы көптеген делдалдардан құтылуға болады», – деген ұсыныс білдірді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов сейсенбі күні Үкіметте өткен жиында.

Сонымен қатар ол мұндай тәжірибе «тендерлік процестен арылу үшін, барлық биржалық тауарларда жүргізілсе болар еді» деп атап өтті.

Бұдан өзге, «Атамекеннің» Басқарма Төрағасы Үкімет отырысында талқылауға шығарылған бәсекелестікті қолдау шаралары туралы өзінің пікірін білдірді.

«Жалпы алғанда, бізге бизнесті қолдау мен бәсекелестікті дамытудың деңгейлес шараларына өтуіміз қажет», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов. Сондай-ақ ол «нақты шараларды қажет ететін салалар мен секторлар бар» екенін де айтты.

Абылай Мырзахметов берген мәлімет бойынша, «Атамекен» өкілдерінің қатысуымен  бір ай бойы жүргізілген мониторинг нәтижесінде, бәсекелстік ортаға беруге болатын 2000 нысан анықталған.

«Уellow pages» қағидасымен жүргізілген тексеріс қорлардың бұдан да көп болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жүзеге асыра алатын қызметтердің 47%-ының қысқарғанын атап өткім келеді. 300-ден көбін, соның 80%-ын ұлттық холдингтер, квазимемлекеттік сектор жүзеге асыра алады. Мұндай қызметтердің саны бұданда көп болуы мүмкін», – деді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» ҰКП монополияға қарсы органға қаржылық сектор субъектілері бойынша мониторинг жүргізу мүмкіндігін беруді құптайды. «Дегенмен бұл Ұлттық банк айтарлықтай қатаң қадағалап отырған ерекше сектор. Монополияға қарсы органда мұндай мүмкіндік болуы тиіс, алайда, олар бұл жұмысты Ұлттық банкпен келісе отырып, атқару қажет деп ойлаймыз», – деді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы мұндай жағдайда бизнеске қосымша салмақ түсірмеу үшін, іс-қимылдарды келісе отырып жасаған маңызды, деп санайды.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер