astana-view

Қытайдағы көрмеде жаңа байланыстар орнамақ

2016 жылғы 11 Қараша
4653 просмотров

Қазақстанның туристік әлеуеті Шанхайдағы China International Travel Market-2016 көрмесінде таныстырылады

Бұл ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі.

2016 жылдың 11-13 қараша аралығында 65 мың шаршы метр аумақта орныласқан «Shanghai New International Expo Centre» (SNIEC) көрме кешені 400-ден астам халықаралық қатысушы мен 100 мыңнан астам қонақты қабылдайды деп жоспарланып отыр.

Қазақстанның біртұтас ұлттық стендінде еліміздің туристік әлеуеті паш етілмек. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігнің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық делегацияның аталған көрмеге қатысуын ұйымдастырады.

Оны құрамына Инвестициялар және даму министрлігінің, Алматы және Алматы облысы әкімдіктерінің, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының өкілдері, Президент оркестрінің әртістері, қолөнершілер және «KazAllianceGroup» ЖШС, «Explore Central Asia LTD», «Sky Way Travel», «TuranAsia LLP», «Меруерт Саяхаты», «ABDI travel», «Touroperator Kompas», «Travel and MICE», «Uni tour», «Complete service»,  «Керуен», «Туроператор «Asia Discovery», «Арнай тур» сияқты Қазақстанның туристік компанияларының өкілдері енген.

Жалпы алғанда, Қытай туристерінің Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Бұған 2015 жылы 14 желтоқсан күні Бейжің қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Туризм ісі жөніндегі басқармасы арасында қол қойылған Қытай азаматтарының Қазақстанға топтық туристік саяхаттарын жеңілдету туралы меморандум ықпал етіп отыр. Бүгінгі таңда-ақ елімізге ҚХР-дан 500-дей турист келген. Олар Астана, Алматы қалаларындағы және Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өңірлеріндегі туристік нысандармен танысқан.

Біздің өңірлер мен туристік компаниялар China International Travel Market-2016 көрмесіне қатысу арқылы Қытай нарығына шығуға мүмкіндік алады. Өйткені көрмеге Қытайдың туристік топтар құратын және жаңа ұсыныстарға дайын туристік операторлары да қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер