astana-view

Кеншілер, шахтерлер мен металлургтер бас қоспақ

2016 жылғы 14 Қараша
4582 просмотров

Астанада 17-18 қарашада тау-кен және металлургия өнеркәсібі күндері өтеді

Іс-шараның бірінші күнінде Жер қойнауы туралы кодекс, көмір өнеркәсібі мен тау-кен және металлургия кешеніндегі (ТМК) салық жүйесі мәселелері талқыланады деп күтілуде. Дискуссияға Инвестициялар және даму министрлігінің, Энергетика министрлігінің, көмір және ірі тау-кен-металлургия кәсіпорындарының, консалтингтік компаниялардың өкілдері мен бизнес-қауымдастықтар және сала сарапшылары қатысады деп жоспарланып отыр.  

Сондай-ақ 18 қарашада «Жаңа талаптар жағдайында ТМК жұмысы» тақырыбында Тау-кен және металлургия өнеркәсібінің VII Съезі өтпек. Съезд ұйымдастырушылары қатарында Тау-кен және металлургия және Тау-кен кәсіпорындары республикалық қауымдастығы (ТМКҚ), ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазпрофметалл» тау-кен және металлургия салалық кәсіби одағы, «КәсіпҚазақмыс» тау-кен, металлургия және жапсарлас өнеркәсіп жұмысшыларының кәсіби салалық одағы, ҚР көмір өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағы бар.  

Съезд мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмысшылар бірлестіктерінің атынан келген әлеуметтік серіктестердің диалогы негізінде, дамудың стратегиялық бағыттары белгіленетін, саладағы басты мәселелер талқыланатын маңызды алаң болмақ.

«Биыл съезд толығымен жаңа экономикалық жағдайлардағы тау-кен және металлургия кешеніндегі мәселелерге арналмақ. Съездің күн тәртібінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің жобасы, салық салу жүйесін жетілдіру, әкімшілік қысым көрсетуді азайту, әлеуметтік әріптестікті дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру, ТМК саласындағы инвестициялық модернизацияның басым бағыттары, көмір саласының көлікпен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер тұр», – деді ТМК қауымдастығының атқарушы директоры  Николай Радостовец.

Съезд жұмысына үш жүзден астам делегат қатысады деп күтіліп отыр. Олардың арасында отандық тау-кен және металлургия кешені кәсіпорындарының, көмір өнеркәсібі және ТМК жұмысшылары бірлестіктерінің жетекшілері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттатары, кеншілер, шахтерлер мен металлургтер бар.

Сонымен қатар, тақырыптық дөңгелек үстелдер 17 қарашада «Думан»  қонақүйінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді деп жоспарланып отыр. Тау-кен және металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының VII Съезі Инвестициялар және даму министрлігінің конференц-залында 18 қарашада 15.00-ден 17.00-ге дейін өтпек. Дөңгелек үстелдер мен съезд бағдарламалары толықтырылып, оған өзгерістер енгізіледі.

Тау-кен және металлургия өнеркәсібі күндері аясында өтетін дөңгелек үстелдерге қатысу үшін, аккредиттеуден өту қажет емес. Ал съездге қатысқысы келген БАҚ өкілдері аккредиттеуден өту керек. Ол үшін 14 қараша күні, сағат 18.00-ге дейін тілшілер тізімін ұсынып, арнайы қосымшаны толтырулары тиіс. Егер БАҚ-тың шараға қатысатын тілшісі анық болмаған жағдайда, съездге қатысуы мүмкін бірнеше тілшілердің тізімі мен олармен бірге келетін оператор және оның қондырғысы туралы ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Барлық тілшілердің тізімі Инвестициялар және даму министрлігіне жіберілетін болады. Кіруге қатысты келеңсіз мәселелер туындамауы үшін, шараға қатысатын тілшілердің, операторлардың аты-жөнін, тегін, төлқұжаттары мен қондырғыларының нөмірін нақты жазып жіберулеріңізді өтінеміз.

Аталған іс-шараға қатысты өзге де сауалдар және тау-кен және металлургия өнеркәсібі съездіне аккредиттеуден өтуге қатысты мәліметтерді, Тау-кен өндіруші және тау-кен-металлургия кәсіпорындары қауымдастығына жолдауға болады.

Іс-шараның үйлестірушісі: Жанна Манабаева.

Байланыс телефондары:  +7 7172 689 611, 8-701-221-23-90, электронды пошта: zhanna.mananbayeva@agmp.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер