astana-view

ХАБАР 24 - Жаңа салық кодексі бизнеске тиімді болады

2016 жылғы 16 Қараша
2400 просмотров

Жаңа салық кодексі іскерлік белсенділікті арттырып, бизнесті биікке шығаруға серпін береді.

Жаңашылдықтың негізгі мақсаты салықтық жүктемені азайтып, кеңселік кедергілерден арылу. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Сала мамандары салық заңнамасын 2001 жылы бірыңғай жүйеге біріктіру нәтижесінде салық кодексінің көлемі 3 есе артқанын тілге тиек етті. Осы орайда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіптен нәсіп табу жолында жаңа салық кодексін 2017 жылдың 1 мамырына дейін әзірлеу бастамасын көтерді. Сапалы әрі ашық жұмыс жүргізу үшін арнайы сарабдал сарапшылар тобы құрылмақ. Абылай Мырзахметов алдағы кезде қоғамды және кәсіпкерлерді толғандырған түйткілдердің түйіні шешілеріне сенімді екенін айтты.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

- Ол жұмыс тобына бізге еншілес барлық бізді құрайтын ассоциациялар кіреді. Соның ішінде менің қасымда отырған менің әріптесім кәсіпкерлер форумы және шағын және орта бизнесті қорғайтын ассоцациялардың барлығынан олардың сарапшылар шақырылып жұмыс тобы құрылады. Осы жұмыс тобы алдағы 6 айдың ішінде ашық жұмыс жасайды. Мынау әлеуметтік жүйеде біз барлық керекті ақпарат ашық түрде көрсетіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер