astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Нәзік» ЖШС

2016 жылғы 17 Қараша
10541 просмотров

Алматы қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік байқау-көрмесінің дипломанты

«Нәзік» ЖШС – Қазақстан нарығындағы ірі кондитерлік және аспаздық өнімдер өндіруші.

Компанияның тарихы 1991 жылы 5 адам жұмыс істейтін кондитерлік өндірістің ашылуымен басталған. Үй дәмдерін дайындау қағидасына негізделген, тіл үйірер дәмімен ерекшеленетін рецептура әзірленген.

Кондитерлік цехтан кейін ет өңдейтін цех пен аспаздық цех ашылды. Сонымен қатар фирмалық дүкендер мен кафелер де құрылды.

«Нәзік» өнімдерінің басты ерекшеліктері – бірегей әрі дәстүрлі рецептуралар, жоғары сапалы шикізаттар, заманауи жабдықтар, жоғары білікті қызметкерлер.

Халықаралық және жергілікті көрмелерге қатысып, бірнеше бас жүлде мен 34 алтын медаль, 7 күміс медаль ұтып алған.

Жыл сайын өтетін «Жыл таңдауы – 2002» фестивалінің қорытындысы бойынша «Нәзік» ЖШС «Қазақстандағы №1 кондитерлік өнімдер» аталымының жеңімпазы атанды.

«Нәзік» фирмасы бірнеше мәрте Алматы қаласының «Шағын және орта бизнеске қосқан үлесі үшін», «Алматы қаласының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін» дипломдарымен марапатталған.

«Нәзік және К» компаниясының ет өңдейтін цехы жоғары сапалы шұжық өнімдері мен еттен жасалатын жеңсік астар өндіреді. Салқындатылған ет шикізатын пайдаланғандықтан, өнімдер сапалы. Еттер фермерлік шаруашылықтардан жеткізіліп, қатал ветеринарлық бақылаудан өткізіледі. Компания Германиядан жеткізілетін табиғилығы 100% дәмдеуіштерді пайдаланады.

«Нәзік және К» компаниясы тұтынушыларға мұздатылған жартылай дайын өнімдердің түр-түрін ұсынады, олар: тұшпаралар, мәнтілер, самсалар, қатпарлы нандар, варениктер және т.б.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер