astana-view

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік болашағы қандай?

2016 жылғы 13 Желтоқсан
9923 просмотров

Мәскеудегі конференцияда Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) саласындағы инвестициялық жобалары туралы айтылды 

Шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің және Еуразиялық экономикалық комиссиясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Ресейдегі Сауда өкілдігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Конференцияға 120 адам қатысты, олардың арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның, РФ-дағы ҚР елшілігінің, РФ Экономикалық даму министрлігінің, Қазақстанның МЖС орталығының, ірі банктер мен кәсіпорындардың өкілдері, Қазақстанның өңірлерінен келген кәсіпкерлер, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласындағы сарапшылар бар.

Қазақстандағы мемлекет пен жекеменшік серіктестіктің даму келешегі талқыланды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асырып жүрген қазақстандық тараптың өкілдері, жекелей алғанда аурухана, колледж, автожол, әуежай салу, тіпті Қызылорда қаласында бүтін бір аудан салу жұмыстарын жүзеге асырушылар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық база туралы айтты, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында әлеуетті инвесторлар тартудың шарттары мен мүмкіндіктері, жалпы үдерістері туралы да әңгімеледі.

ҚР ҰКП басқарушы директоры Алена Романова заңнаманың ерекшелігі мен ағымдағы статистикадан бөлек, тыңдармандарға ҚР ҰКП-ның осы саладағы қызметі жөнінде айтып өтті. Оның айтуынша, осы қызмет Палатаға заман ағымына ілесуге мүмкіндік берді – мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жобалары мен олардың жүзеге асу барысын орталықтан қадағалау мүмкін болды, оның ішінде өңірлік деңгейдегі байқаулардың да ашық өтуін қамтамасыз етті, ең бастысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік үдерістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау қолға алынды.

«ҰКП мүдделес тараптарды біріктіріп, ортақ қиындықты талқылап, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін жетілдіру бойынша байыпты шешім қабылдауға жол ашқанына сенімдімін. Заң күшіне енген бір жылдың ішінде мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік үдерістерін айтарлықтай жетілдірдік, ең алдымен мерзімді 4-6 айға дейін азайттық», – дейді ҚР ҰКП өкілі.

Ол Палатаның осы бағыттағы жұмыс жоспарын да әңгімеледі. Оның сөзінше, қарапайым, түсінікті, екі жаққа да пайдалы жобалардың үлгісін жасап, тәуекелді азайтып, барлық тараптың мүддесін қорғау керек. Одан бөлек, ҰКП мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді, ең алдымен ұзақмерзімді мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етуді, өтемақыны төлеудің нақты бөлініс қағидаларын бекітуді көздейді. 

Сөз соңында Палата өкілі тәжірибе алмасу, инвестиция тарту, ағымдағы түйткілдерді саралайтын өзара ортақ шешімдер қабылдау мақсатында инвесторлармен және сарапшылармен серіктестік орнатуға ниетті екендігін білдірді.

«B2B» секциясы аясында қазақстандық кәсіпкерлерге және жоба бастамашыларына ресейлік әріптестерімен серіктестік туралы сұхбаттасуға мүмкіндік берілді. Палата Халықаралық «KPMG» компаниясымен, өзге де ірі сарапшылармен келесіссөздер жүргізді, онда мемлекеттік-жекеменшік  серіктестік тетіктеріның саналуан түйткілді қырлары талқыланды, ҰКП аясында сарапшылар ортақ келісімдерге қол жеткізді.

Толық мәтін мұнда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер