astana-view

Кәсіби стандарттар ауадай қажет

2016 жылғы 22 Желтоқсан
11637 просмотров

«Атамекен» жұмыс берушілер бірлестігімен бірлесе отырып, салалық министрліктерге бағытталған 11 кәсіби стандартты әзірлеп, бекітті

Бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы күнге дейін бекіткен алғашқы стандарт.

Кәсіби стандарттар жұмысшылар мен жұмыс берушілерге қалай көмектеседі, қызмет мен еңбек нарығында оларға қандай нақты көмектер көрсете алады?

Біріншіден, кәсіби стандарт жұмыс берушіге мамандық немесе қызмет атауын, сондай-ақ жұмысшыларының еңбек функцияларын дұрыс белгілеуге көмектесетін бағдар болады.

Екіншіден, кәсіби стандарттар білім алуға қойылатын талаптар мен жұмыс берушінің қарамағында қандай да бір еңбек функциясын атқаратын маманның біліктілігін білуге мүмкіндік береді. Сөз негізгі білім туралы ғана емес, қосымша білім туралы да болып отыр.

Үшіншіден, жұмыс беруші осылардың арқасында өзінің жеке бизнес-процесстеріне сай келетін қызметкерлерді таңдай алады. Ол дұрыс міндеттер қойып, сауатты түрде даму жоспарын жасап, қызметкерлерін талапқа сай оқыта алады.

Төртіншіден, әрбір жұмысшы өзінің заманауи нарықтың талаптарына сай немесе сай еместігіне көз жеткізе алады. Ол өзінің біліктілік деңгейін анықтап, қаншалықты сұранысқа ие екенін түсініп, болашағын бағдарлай алады.

Ал, ең бастысы, кәсіби стандарт әрбір жұмысшыға жұмыс берушінің қарамағында қызмет жолын өз бетінше жоспарлауға мүмкіндік береді.

Уақыт өте келе кәсіби стандарттар қалай өзгеруі мүмкін және олардың әсеріқандай болмақ?

Кәсіби стандарттар лауазымдық нұсқаулықтарға да ықпал етуі ықтимал. Әрине, ондағы ережелерді нұсқаулықтарға ешкім сөзбе-сөз көшіріп қоймайды, бірақ, қажетті өзгерістер енгізулері мүмкін. Нақты жағдайларды, міндеттер мен технологияларды ескере отырып, стандарттарды қолдану өзекті болмақ. Әрбір кәсіпорын жаңа кәсіби стандарттарға сай етіп, өздерінің лауазымдық нұсқаулықтарын түзете алады. Лауазымдық нұсқаулықтар мен кадрлық қызмет құжаттарына айтарлықтай түзетулер енгізіледі.

Ал кәсіби стандарттар міндетті түрде өзгеріп отырады. Бейіндік министрліктер жанындағы салалық кеңестер аталған стандарттарды тұрақты түрде жаңартып отыруы тиіс.

Кәсіби стандартты өзінің сипатын жиі өзгертетін және қандай да бір саланың даму бағытын көрсетіп тұратын өміршең құрал деп те айтуға болады. Соған сәйкес мамандарға қойылатын талаптар да әлсін-әлсін өзгеріп тұрады.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық біліктілік жүйесінің негіздерін құру жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы серіктестік туралы келісім шеңберіндегі «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бойынша жалғасын табады. Бұл жобаны жүзеге асыру мерзімі  5 жыл (2016-2020). «Қайта қарау және келісу процестерін қоса отырып, кәсіби стандарттарды жетілдірудің» 1.1. тармақшасы аясында 550-дей кәсіби стандарт әзірлеу жоспарланып отыр.

Сондықтан, ағайын, сіздер де қатарға қосылыңыздар! Кәсіби стандарттар өндірістік кәсіпорындардың, оқу орындарының және ғылыми мекемелердің сарапшы топтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің ортақ бастамасы бойынша әзірленуі ықтимал.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер