astana-view

Жаңаөзенде жаңа орталық ашылды

2016 жылғы 23 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
14599 просмотров

Жаңаөзен қаласында «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы өз жұмысын бастады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жаңаөзенге – жаңа серпін» жобасы аясындаМаңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) ашылды.

«Жаңаөзенге – жаңа серпін» жобасы бойынша Жаңаөзен қаласының тұрғындары тәжірибелі мамандар тарапынан дербес кәсіп ашып, жүргізу, тендерлерге қатысу, сатып алу, бизнес инфрақұрылымының қолжетімділігі, сот істерін қарау барысында сауатты құқықтық қорғану, кедендік реттеу, салық төлеу, жұмыспен қамтуда кәсіптік-техникалық оқыту, қайта даярлау мәселелері бойынша күнделікті жан-жақты кеңес, іскерлік сүйемелдеу мен ақпараттық-әдістемелік қолдауға ие болды. Бұл көрсетілген қызмет түрлері кәсіпкерлік бастамасы бар тұлғалармен қатар, Жаңаөзен қаласының барлық тұрғындарына қолжетімді болды.

Жобаның қорытынды отырысында Жаңаөзен қаласындағы бірқатар кәсіпкерлер «бір терезе» қағидаты тұрғысында кәсіпкерлерге сапалы қызмет көрсету жұмысы тұрақты түрде жалғасын тапса деген өтініштерін білдірген болатын. Осыған орай Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов арнайы орталық ашу туралы келісімге келді. Осы ынтымақтастық негізінде «Жаңаөзен» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің атсалысуымен қысқа мерзімде жаңа нысанның құжаттары түгенделіп, есігі айқара ашылды.

КҚКО негізгі міндеттерінің бірі – толық көлемде кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша сапалы қызмет көрсету. Ауылшаруашылық кешені саласында мамандарды басқа өңірлерден тарту мәселесі де қарастырылған. Енді Жаңаөзен қаласының тұрғындары мал және өсімдік шаруашылығы, заңдағы өзгерістер, жобаларды сүйемелдеу, мемлекеттік сатып алу, тағы басқа да бағыттар бойынша кәсіби кеңеске қанығып, психолог, салық, халықты жұмыспен қамту, сәулет және жер мәселелері мамандарының жәрдеміне жүгіне алады. Cонымен қатар, сall-орталық жұмыс істейтін болады.

«Жаңаөзен» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мекен-жайы: Жаңаөзен қаласы, Сәтбаев көшесі, 1; жұмыс уақыты сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласу керек: 8 (7292) 30-40-40 8 777 751 68 88, 8 775 469 99 77.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер